Қазақстанда жыл басынан бері балаларға 580-нен астам жоғары технологиялық операция жасалды
Қазақстандық балаларға жыл сайын жүздеген жоғары технологиялық операциялар жасалады. 2021-жылдың 8 айында міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қаражатының есебінен 2,4 млрд теңге сомасына 582 операция жүргізілді. Жоғарыда аталғанбіроперацияныңорташақұны 4 млн теңгеден асады.
Жоғары технологиялық медициналық қызметтер (ЖТМҚ) диагностика мен емдеудің инновациялық, бірегей әдістерінің көмегімен жүргізіледі.
ЖТМҚ-мен емделетін балаларда жиі кездесетін диагноздар – қанайналымы жүйесі, генитурарлы жүйе, асқорыту, эндокриндік жүйелерінің аурулары және туабіткен ақаулар.
Жыл басынан бері 198 бала кохлеарлық есту аппараттарын имплантациялаудың арқасында есту мүмкіндігінеие болды,172 пациент жүрек қызметін қалпына келтірді, 67 баланың несеп-жыныс жүйесі органдарында ота жасалынды. Қазақстандық мамандар қан мен сүйек кемігінің онкологиялық ауруларын емдеу кезінде 22 аллогендік және 5 аутологиялық сүйек кемігін трансплантациялауды жүргізді.
Тағы 9 кішкентай қазақстандыққа бауыр трансплантацияланды, екі балаға ми ісіктері кезінде күрделі нейрохирургиялық оталар жасалынды.
Ең көп жоғары технологиялық медициналық көмек Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында көрсетіледі. 2021 жылдың 8 айында елордада балаларға 278, Алматыда – 252 жоғары технологиялық ота жасалды.
Ел ішінде медициналық технологияларды дамыту, бұл балаларға шетелге емделуге шықпай-ақ ем алудың мүмкіндігі екенін атап өткен жөн.
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры қазақстандық дәрігерлердің оқуына және біліктілігін арттыруға ақы төлейді. Шетелдік мамандарды тарта отырып мастер-кластар өткізу, бейінді отандық дәрігерлерді (онкологтар, гематологтар, офтальмологтар, ангиохирургтер) қазақстандық ауруханалар мен ҒЗИ-да енгізілетін жаңа технологияларға оқытуға мүмкіндік береді.
Биыл мастер-класс шеңберінде 8 балаға интраокулярлы ретинобластомамен селективті артериялық химиотерапия жүргізілді, бұл қатерлі ісіктерді емдеуге көмектесті, 5 балаға көмей және кеңірдек стенозымен түрлі рекоструктивті операциялар жасалынды, 1 балаға халықаралық тіркелімнен бағаналық жасушаларды жеткізу арқылы туыс емес донордан гемопоэздік дің жасушаларын аллогенді транспланттау жүргізілді.
ЖТМҚ-ға жолдаманы қалай алуға болады?
ЖТМҚ алуға жіберу туралы шешімді пациентті жоғары технологиялық медициналық көмек көрсететін қандай да бір медициналық ұйымға жіберу мәселесін шешу үшін бейінді мамандар кіретін жергілікті денсаулықсақтау басқармасының басшысы құрған арнайы комиссия қабылдайды.
Бұдан әрі медициналық ұйым пациенттің тіркелген ЖТМҚ комиссиясының қарауына жібереді, содан кейін комиссия құжаттарды қарайды, жолдаманың негізділігін айқындайды және хаттамаға ресімдей отырып, шешім қабылдайтын болады. Оң шешім қабылданған жағдайда ЖТМҚ комиссиясы емдеуге жатқызуға жолдаманы пациенттің құжаттар пакетін қоса бере отырып, «Емдеуге жатқызу бюросы» порталында тіркейді. Электрондық форматта қалыптастырылған медициналық ұйымға емдеуге жатқызуға жолдаманы пациент веб-порталда, ЖТМҚ ұсынатын денсаулық сақтау ұйымына емдеуге жатқызу кезінде қабылдау бөлімінде және тіркелген жері бойынша денсаулық сақтау ұйымына сұрау салу бойынша ала алады.Емдеуге жатқызуға жолдама келіп түскен сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде қаралады және науқасты стационарға емдеуге жатқызу күнін айқындайды.
Егер сізде медициналық көмек алуға байланысты сұрақтар туындаған жағдайда, сіз өз емханаңыздағы Пациентті қолдау қызметіне хабарласа аласыз. Сондай-ақ, Қорға ресми кері байланыс арналары арқылы өтініш бере аласыз:1406 байланыс орталығы, «Qoldau 24/7» мобильді қосымшасы, Қордың www.fms.kz сайты, Telegram-дағы Saqtandyry-bot.
«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КеАҚ Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалы
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Жаңа Қазақстан Конституциясы – Әділетті қоғамның құқықтық негізі
«Жаңа талап» мемлекеттік қызмет мектебінің жаңа оқу жылы басталды
КАЗТАЛОВ АУДАНЫНДА 2 МЛРД ТЕҢГЕНІҢ 26 ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАСЫ БОЙЫНША МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ
Конституцияның 6-бабы: саяси әралуандық пен қоғамдық тұрақтылықтың құқықтық негізі
АВТОМОБИЛЬ КӨЛІГІ ЖӘНЕ АВТОЖОЛ САЛАСЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ҚҰРМЕТКЕ БӨЛЕНДІ
Болашақтың экономикасына байыппен көшуге құқықтық негіз болатын жаңа Азаматтық кодекс қабылдау қажет»
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауы
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 28 қазан күні Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды
Президент шет мемлекеттер басшыларының Ұлттық мерекемізге орай жолдаған құттықтауларына ризашылығын білдірді
ОРАЛДА РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ ОРАЙ МЕМЛЕКЕТТІК ТУ КӨТЕРУ РӘСІМІ ӨТТІ
Облыс әкімі Нариман Төреғалиевтің Республика күнімен құттықтауы
Жедел медициналық көмек станциясының жаңа әкімшілік ғимараты салынуда
Батыс Қазақстан облысында Республика күні қарсаңында сенбіліктер мен ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті
Мемлекет басшысы NVIDIA компаниясының негізін қалаушы және президенті Дженсен Хуангты қабылдады
«Подстепное – Федоровка – Ресей Федерациясының шекарасы»: БҚО-да автомобиль жолы пайдалануға берілді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Республика күніне арналған салтанатты жиында сөз сөйледі

Кіру
Пікір үстеу