8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
06 Сәуір 2026 57 0
Дені сау ұлт

Қазақстанда күтілетін өмір сүру ұзақтығы тарихи ең жоғары деңгейге жетті

1991 жылдан бастап 2025 жылды қоса алғандағы кезеңдегі демографиялық деректерді талдау халықтың өмір сүру сапасы мен денсаулық жағдайында түбегейлі өзгерістер болғанын көрсетеді. Қазақстандықтардың күтілетін өмір сүру ұзақтығы ( КӨҰ) 75,97 жасқа жетіп, тәуелсіз мемлекеттің тарихындағы абсолютті рекордты құрады.

Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында, 1991 жылы, КӨҰ орташа көрсеткіші 67,6 жасты (2001 жыл – 65,6, 2011 жыл – 68,98, 2021 жыл – 70,23) құрады. Осылайша, үш жарым онжылдық ішінде ел азаматтарының орташа өмір сүру ұзақтығы 8 жылдан астам уақытқа артты.

Өмір сүру ұзақтығына әсер ететін маңызды факторлардың бірі – инфекциялық емес аурулармен (ИЕА) күрес бойынша іске асырылып жатқан шаралар. 2025 жылы Қазақстан Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Еуропалық өңірінде инфекциялық емес аурулардан болатын өлімді 25%-ға төмендеткен елдердің алғашқы ондығына енді. Бұл көрсеткіш ДДҰ-ның Еуропалық жұмыс бағдарламасының нысаналы индикаторы болып табылады.

Оң динамика денсаулық сақтау жүйесін дамыту, халықтың өмір сапасын жақсарту және өлімді төмендету бойынша мемлекеттік бағдарламалардың тиімділігін айғақтайды.

Қазақстан Үкіметі 2029 жылға дейінгі денсаулық сақтауды дамыту тұжырымдамасы шеңберінде елдегі күтілетін өмір сүру ұзақтығын 77 жасқа дейін жеткізу жөнінде өршіл мақсат қойып отыр.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Өзек
Оралда жаңа көпір салынады
05 Сәуір 2026
142 0
Таза Қазақстан
Шаһарда шырша көшеттері отырғызылды
03 Сәуір 2026
200 0
Құттықтаймыз!
Президент Алғыс хаты табысталды
03 Сәуір 2026
201 0
Digital
DIGITAL QAZAQSTAN BATTLE
27 Наурыз 2026
362 0
Қоғам
Қылмыстық іс қозғалды
27 Наурыз 2026
376 0
Наурыз
Наурыз мейрамы – Ақ Жайықта!
22 Наурыз 2026
484 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»