8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
18 Мамыр 2026 332 0
Инфрақұрылым

Ауыл инфрақұрылымын жаңғырту жұмыстары жалғасуда

Облыс әкімінің орынбасары Мирас Мүлкәй Казталов және Жаңақала аудандарына жұмыс сапарымен барып, әлеуметтік маңызы бар нысандар мен инфрақұрылымдық жобалардың жүзеге асу барысын тексерді. Қызметтік сапар аясында денсаулық сақтау, білім беру, жол, энергетика және тұрғын үй құрылысы салаларындағы бірқатар мәселелер қаралды.

Алдымен облыс әкімінің орынбасары Казталов ауылында бой көтеріп жатқан көпбейінді ауданаралық аурухананың құрылыс алаңында болды. Қазіргі таңда нысанда жаңа мердігер жұмысқа кірісіп, құрылысқа қажетті материалдар жеткізілген. Жұмыс күші де жеткілікті деңгейде жұмылдырылған. Мирас Мүлкәй жауапты мамандарға құрылыс қарқынын бәсеңдетпей, нысанды сапалы әрі белгіленген мерзімде аяқтау қажеттігін тапсырды.

Жұмыс сапары барысында «Жалпақтал–Қарасу» бағытындағы автомобиль жолының жағдайы да назардан тыс қалмады. Сонымен қатар Н.Дүйсенғалиев атындағы мектеп пен Әбіш ауылындағы білім беру нысандарының қазіргі жай-күйі қаралды. Аталған мектептердің ғимараттарын жаңарту және жаңа білім ошақтарын салу мәселесі бойынша жауапты басқармалар мен аудан әкімдігіне нақты тапсырмалар берілді. Бұл бағыттағы жұмыстар ауыл балаларына қауіпсіз әрі қолайлы білім беру ортасын қалыптастыруға бағытталған.

Облыс әкімінің орынбасары Жаңақала ауданындағы ірі инфрақұрылымдық жобалардың орындалу барысымен танысты. Атап айтқанда, «Жаңақала–Мастексай» электр желісінің құрылысы және «Чапаев–Жаңақала–Сайхын» автомобиль жолының 130–191 шақырым аралығын қайта жаңғырту жұмыстары тексерілді. Бұл жобалар аудан тұрғындарының өмір сапасын жақсартуға, елді мекендер арасындағы қатынасты жеңілдетуге және инженерлік инфрақұрылымды жаңартуға мүмкіндік береді.

Сапар соңында Мирас Мүлкәй «Коммунал» кәсіпорнының жұмысымен және материалдық-техникалық базасымен танысты. Сондай-ақ Жаңақала ауылында салынып жатқан тұрғын үйлердің құрылыс сапасы тексерілді. Облыс әкімінің орынбасары халықтың әлеуметтік осал топтарына арналған баспаналардың уақытылы әрі сапалы берілуі аймақ басшысының тұрақты бақылауында екенін атап өтті.

Жауапты мекемелерге барлық жобалар бойынша жұмысты жүйелі жүргізіп, құрылыс сапасын қатаң қадағалау, сондай-ақ белгіленген мерзімдердің сақталуын қамтамасыз ету жөнінде тапсырмалар жүктелді.

Әдемі Бақытжанқызы

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Өңір жаңалықтары
Бүгін – Республика күні
25 Қазан 2026
233 0
Өңір жаңалықтары
Тасқала ауданында 26 отбасы баспаналы болды
23 Қазан 2026
264 0
Құттықтаймыз!
Медицина қызметкерлері марапатталды
23 Қазан 2026
242 0
Өңір жаңалықтары
Қабыршақтыда жаңа мәдениет ошағы ашылды
22 Қазан 2026
281 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»