«Ауыл аманаты» ауылды дамытуға серпін беруде: Қаратөбе ауданында сүт өндірісінің ауқымы кеңейіп келеді
Көптеген ауыл тұрғыны үшін өз кәсібін дамытуға, заманауи техника сатып алуға және шаруашылығын кеңейтуге қаражаттың жетіспеуі әлі де басты мәселелердің бірі болып отыр. Әсіресе шалғай ауылдарда шағын шаруашылықтар көбіне жеке жұмыс істеп, өндірісті жаңа деңгейге көтеруге мүмкіндік таба бермейді. Осындай мәселелерді шешуде ауыл кәсіпкерлігін қолдауға және ауылдағы жұмыспен қамтуды арттыруға бағытталған «AMANAT» партиясының «Ауыл аманаты» жобасы ықпал етуде.
Мәселен, Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданының Жусандыой ауылында бүгінде сүт бағытындағы ауыл шаруашылық кооперативі қарқынды дамып келеді. Жеңілдетілген қаржыландырудың арқасында кооператив мүшелері қажетті арнайы техникаларды сатып алып, ортақ шаруашылық жүргізу үшін күш біріктірген. Бұл қадам өндіріс көлемін арттырумен қатар, ауыл тұрғындары үшін жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік беріп отыр.
Кооператив мүшесі Берік Бақытжановтың айтуынша, жобаға қатысу отбасылық кәсіпті дамытудағы маңызды қадам болған. Оның сөзінше, заманауи техника күнделікті жұмысты жеңілдетіп, шаруашылықты тиімді жүргізуге жол ашқан.
«Бұл – атадан балаға жалғасып келе жатқан кәсіп. «Ауыл аманаты» жобасының арқасында қажетті техникаларды лизингке алдық. Қазір сол техникалардың көмегімен шаруашылықты жүйелі жүргізіп, кәсібіміздің ауқымын кеңейтіп келеміз. Ауыл жастары да осындай мүмкіндіктерді пайдаланып, өз ісін ашса дейміз. Қыс мезгілінде техникамен ауыл тұрғындарына да көмектесеміз», – дейді кәсіпкер.
Кооперативтің басты артықшылықтарының бірі – бірнеше шаруашылықтың ресурстарын біріктіруі. Бұрын ауыл тұрғындары жеке жұмыс істеп, көп шығынға ұшыраса, бүгінде техникалар ортақ пайдаланылып, шығын көлемі азайған. Мұндай тәсіл сүт өнімдерінің көлемін арттырып қана қоймай, оның сапасына да оң әсерін тигізуде. Сонымен қатаркооператив өнімді тиімді шарттармен өткізу мүмкіндігіне ие болған.
Кооперативтің дамуы ауылдағы жұмыспен қамтуға да оң ықпал етуде. Бүгінде мұнда бес адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Ал жаз мезгілінде қосымша жұмысшылар тарту жоспарланып отыр. Ауыл тұрғындарының айтуынша, мұндай бастамалар ауылдағы кәсіпкерлікті дамытып, халықтың туған жерде тұрақтап еңбек етуіне жағдай жасауда.
Қаратөбе аудандық партия филиалының атқарушы хатшысы Абат Зейнуллиннің айтуынша, «Ауыл аманаты» жобасы бүгінде ауданның ауыл шаруашылығын дамытуда маңызды рөл атқарып отыр.
– «Қаратөбе ауданында «Ауыл аманаты»жобасының арқасында мал шаруашылығы белсенді дамып келеді. Шалғай ауылдардағы шаруалар заманауи техника алып, кәсібін кеңейтуге мүмкіндік алуда. Партиялық жоба аясындағы қолдау ауылдағы шағын кәсіпкерлікті дамыту үшін аса маңызды», – деді Абат Зейнуллин.
Бүгінде «Ауыл аманаты» жобасы өңірдегі ауылдық аумақтарды қолдауға бағытталған негізгі бастамалардың біріне айналды. Жоба аясында ауылдарда кооперативтер құрылып, шағын шаруашылықтардың әлеуеті күшейіп, дәстүрлі ауыл еңбегін заманауи негізде дамытуға жаңа мүмкіндіктер ашылуда.
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
«Жаңа талап» мемлекеттік қызмет мектебінің жаңа оқу жылы басталды
КАЗТАЛОВ АУДАНЫНДА 2 МЛРД ТЕҢГЕНІҢ 26 ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАСЫ БОЙЫНША МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ
Конституцияның 6-бабы: саяси әралуандық пен қоғамдық тұрақтылықтың құқықтық негізі
АВТОМОБИЛЬ КӨЛІГІ ЖӘНЕ АВТОЖОЛ САЛАСЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ҚҰРМЕТКЕ БӨЛЕНДІ
Болашақтың экономикасына байыппен көшуге құқықтық негіз болатын жаңа Азаматтық кодекс қабылдау қажет»
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауы
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 28 қазан күні Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды
Президент шет мемлекеттер басшыларының Ұлттық мерекемізге орай жолдаған құттықтауларына ризашылығын білдірді
ОРАЛДА РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ ОРАЙ МЕМЛЕКЕТТІК ТУ КӨТЕРУ РӘСІМІ ӨТТІ
Облыс әкімі Нариман Төреғалиевтің Республика күнімен құттықтауы
Жедел медициналық көмек станциясының жаңа әкімшілік ғимараты салынуда
Батыс Қазақстан облысында Республика күні қарсаңында сенбіліктер мен ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті
Мемлекет басшысы NVIDIA компаниясының негізін қалаушы және президенті Дженсен Хуангты қабылдады
«Подстепное – Федоровка – Ресей Федерациясының шекарасы»: БҚО-да автомобиль жолы пайдалануға берілді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Республика күніне арналған салтанатты жиында сөз сөйледі
Президент Республика күні қарсаңында бір топ азаматты мемлекеттік наградалармен марапаттау туралы Жарлыққа қол қойды

Кіру



