8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
03 Маусым 2026 487 0
Бәрекелді!

«Қауіпсіз өңір» жобасы аясында жүзеге асты

Круглоозерныйдағы жаңа Мәдениет үйінің ашылу салтанатында тағы бір қуанышты жағдай орын алды.

Круглоозерный және Серебряков ауылдарының білім беру ұйымдарына жаңа мектеп автобустарының кілттері табысталды. Көліктер Батыс Қазақстан облысы әкімдігі мен прокуратура бірлесіп жүзеге асырып жатқан «Қауіпсіз өңір» жобасы аясында берілді.

Жаңа автобустар оқушыларды қауіпсіз әрі жайлы тасымалдауға мүмкіндік беріп, білім беру қызметтерінің қолжетімділігін арттыруға және балалардың сапалы білім алуына қосымша жағдай жасайтын болады. Әлеуметтік инфрақұрылымның қатар жаңаруы – Орал қаласының маңындағы елді мекендерді дамытуға ерекше көңіл бөлініп отырғанының айқын көрінісі.

Мұндай жобалар тұрғындардың өмір сапасын арттырып қана қоймай, руханият пен білімге, шығармашылық пен қоғамдық белсенділікке жол ашатын маңызды бастамалар қатарын толықтырады.

                                                           «Жайық  ҮНІ»

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Өңір жаңалықтары
Бүгін – Республика күні
25 Қазан 2026
235 0
Өңір жаңалықтары
Тасқала ауданында 26 отбасы баспаналы болды
23 Қазан 2026
268 0
Құттықтаймыз!
Медицина қызметкерлері марапатталды
23 Қазан 2026
244 0
Өңір жаңалықтары
Қабыршақтыда жаңа мәдениет ошағы ашылды
22 Қазан 2026
283 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»