Атыс қаруларына сыйақы төленеді
Ағымдағы жылдың 25 сәуірінен бастап республика аумағында заңсыз сақталған атыс қаруын, оқ-дәрілер мен жарылғыш заттарды сатып алу бойынша кезекті акция өткізіледі. Заңсыз сақталған атыс қаруларын ерікті түрде тапсырған азаматтарға ақшалай сыйақы төленеді. Осы мақсатта республика бюджетінен шаһарымызға 1 млн. 951 мың теңге бөлінді. Сыйақы мөлшерін белгілеу кезінде комиссиялар қару-жарақ заттарының техникалық жай-күйін ескеріп, 3 санатты қолданады.
1 – санатқа пайдалануда болмаған және техникалық ақаулықтары жоқ қару жатады. Сол секілді бұрын пайдалануда болған, бірақ көрінетін немесе жасырын ақаулықтары жоқ, тауарлық түрін жоймаған қару жатады.
2 – санатқа жатқызылатын қару. Пайдалануда болмаған не пайдаланылған, одан әрі пайдалануға кедергі болмайтын, оларды жоюды не тораптарын және тетіктерін ауыстыруға немесе қалпына келтіруге байланысты емес жөндеу жолымен жоюды талап етпейтін, жекелеген техникалық ақаулықтары немесе тауарлық түрінің ақаулары бар қару жатады.
| Атыс қаруларының атаулары | 1-санатты | 2-санатты | 3-санатты |
| автоматты ойық ұңғылы қарулар үшін жүз айлық есептік көрсеткіш көлемінде | 306 300тенге
|
214 410 тенге
|
91 890 тенге
|
| ұзын ойық ұңғылы атыс қаруы (винтовка, карбиндер) үшін елу айлық есептік көрсеткіш көлемінде | 153150 тенге
|
107 205 тенге
|
45 945 тенге
|
| қысқа ойық ұңғылы (тапанша, револьвер) атыс қаруы үшін қырық айлық есептік көрсеткіш көлемінде | 122 520тенге
|
85764 тенге
|
36 756 тенге
|
| тегіс ұңғылы атыс қаруы үшін отыз айлық есептік көрсеткіш көлемінде | 91 890 тенге
|
64 323 тенге
|
27 567 тенге
|
| жарақат салу тапаншасы немесе револьвер үшін он айлық есептік көрсеткіш көлемінде | 30630 тенге
|
21 441 тенге
|
9189 тенге
|
Ерікті түрде оқ-дәрілерін және жарылғыш заттарын тапсырған кезде келесі сыйақы мөлшері белгіленеді. Олар: гранат, мина, жарылғыш құрылғылары және артиллериялық снарядтар үшін жеті айлық есептік көрсеткіш көлеміне дейін (21441 теңге);
Әрбір 1000 грамм жарылғыш заты үшін алты айлық есептік көрсеткіш көлеміне дейін (18378 теңге); Тапсырылған ойық қару патрондарына төленетін сыйақы сомасы: калибрі 5,6 миллиметрден асатын ойық қару патрондарының әр бірлігі үшін айлық есептік көрсеткіштің отыз бестен бір бөлігіне дейін (87,51 теңге) сыйақы. Калибрі 5,6 миллиметр (ұсақ калибрлі) ойық қару патрондарының әр бірлігі үшін айлық есептік көрсеткіштің жүз он бестен бір бөлігіне дейін (26,63 теңге) сыйақы беріледі.
Ал криминалист-маманның қорытындысы негізінде атыс қаруы, оқ-дәрі немесе жарылғыш заттар болып табылмаған; ҚР ІІМ-нің АБДБ-да «Криминалдық қару» және «Тіркелген қару» есебінде тұрған бұйымдар мен заттарға, қолдан жасалған оқ-дәріге, тегіс ұңғылы, газды және жарақат салатын қаруға арналған патрондарға сыйақы берілмейді.
ПБ Әкімшілік полиция бөлімі
Орал қ.
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
«Жаңа талап» мемлекеттік қызмет мектебінің жаңа оқу жылы басталды
КАЗТАЛОВ АУДАНЫНДА 2 МЛРД ТЕҢГЕНІҢ 26 ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАСЫ БОЙЫНША МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ
Конституцияның 6-бабы: саяси әралуандық пен қоғамдық тұрақтылықтың құқықтық негізі
АВТОМОБИЛЬ КӨЛІГІ ЖӘНЕ АВТОЖОЛ САЛАСЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ҚҰРМЕТКЕ БӨЛЕНДІ
Болашақтың экономикасына байыппен көшуге құқықтық негіз болатын жаңа Азаматтық кодекс қабылдау қажет»
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауы
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 28 қазан күні Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды
Президент шет мемлекеттер басшыларының Ұлттық мерекемізге орай жолдаған құттықтауларына ризашылығын білдірді
ОРАЛДА РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ ОРАЙ МЕМЛЕКЕТТІК ТУ КӨТЕРУ РӘСІМІ ӨТТІ
Облыс әкімі Нариман Төреғалиевтің Республика күнімен құттықтауы
Жедел медициналық көмек станциясының жаңа әкімшілік ғимараты салынуда
Батыс Қазақстан облысында Республика күні қарсаңында сенбіліктер мен ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті
Мемлекет басшысы NVIDIA компаниясының негізін қалаушы және президенті Дженсен Хуангты қабылдады
«Подстепное – Федоровка – Ресей Федерациясының шекарасы»: БҚО-да автомобиль жолы пайдалануға берілді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Республика күніне арналған салтанатты жиында сөз сөйледі
Президент Республика күні қарсаңында бір топ азаматты мемлекеттік наградалармен марапаттау туралы Жарлыққа қол қойды

Кіру
Пікір үстеу