Ата Заң – Тәуелсіздігіміздің сенімді тірегі
Бүгін, тамыздың 29-ы күні Жеңіс алаңында БҚО Полиция департаментінде Қазақстан Республикасының Конституция күніне орай салтанатты жиын болды.
Жиында БҚО полиция департаментінің басшысы, полиция полковнигі Арман Оразалиев сөз сөйлеп,полицияда қызмет жолын бастаған барлық жас полицейлерді айтулы мерекемен құттықтап, егеменді елде халықтың бейбіт әрі тыныш өмір сүруін қамтамасыз ету – тәртіп сақшыларына жүктелген міндет.
Жас қызметкерлерге Конституцияны құрметтеп, берген антқа адал болып, халықтың сенімін ақтаңыздар, -деді Арман Молдиярұлы.
Бұдан соң жоғары кәсіби шеберлігі, жұмысты тиімді ұйымдастырғаны және құқық тәртібін қамтамасыз ету, қылмысқа қарсы күрес бойынша міндеттерді орындауда қол жеткізген жетістіктері үшін Қазақстан Республикасының ішкі істер министрі, полиция генерал – лейтенанты Ержан Саденовтың бұйрығымен облыстың үздік полицейлерін медальдар және төсбелгі, алғыс хаттармен марапаттады. Жиынның соңында жас полиция қызметкерлері Отанға адал болуға ант берді.
ГҮЛЖАН СЕРІКҚЫЗЫ,
Бұл мақала туралы «Жайық үні» газетінің №35 санынан оқи аласыздар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Астана күнімен құттықтауы

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев құқық қорғау органдарының кеңейтілген алқа мәжілісінде сөз сөйледі

Жәнібек аудандық сотында 11 жыл бұрынғы өлім фактісін анықтау туралы азаматтық іс қаралды

Оралда жол апаты: үш көлік соқтығысып, жаяу жүргінші жолы тағы да қауіпке айналды!

Тоқаев Қытай үкіметіне 1500 ақбөкен сыйға тарту туралы шешімін жариялады

Батыс Қазақстан облысында энергетикалық әлеуетін арттыру жұмыстары жалғасуда
