8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
27 Тамыз 2026 89 0
Қалалықтар қаперіне

Ашықтық пен адалдық – басты талап

Батыс Қазақстан облысында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайту және мемлекеттік органдар жұмысының ашықтығын қамтамасыз ету мәселелері талқыланды. Облыс әкімі Нариман Төреғалиевтің төрағалығымен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі аймақтық комиссияның отырысы өтті.

 

Жиында білім беру саласындағы сыртқы талдау нәтижелері қаралып, анықталған тәуекелдерді жою бағытындағы жұмыстар сараланды. Сондай-ақ мүдделер қақтығысының алдын алу, мемлекеттік қызметтегі әдеп талаптарын сақтау және мемлекеттік сатып алу рәсімдерінің ашықтығын қамтамасыз ету мәселелеріне назар аударылды.

Білім саласындағы талдау қорытындысы бойынша бірқатар міндет белгіленді. Атап айтқанда, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу жұмыстарын жүйелі түрде жүргізу, биометриялық жүйелерді кезең-кезеңімен енгізу және мектеп асханаларының жалға берілген аумағын нақтылау тапсырылды. Бұл ретте жасалған шарттардың іс жүзінде пайдаланылатын алаң көлеміне сәйкестігін қамтамасыз ету қажеттігі айтылды.

Мемлекеттік қызмет саласында да заң талаптарын қатаң сақтау маңызды екені атап өтілді. Әсіресе кадрлық шешімдер қабылдау кезінде мүдделер қақтығысына жол бермеу, қызметтік әдеп нормаларын сақтау және мемлекеттік аппараттың ашықтығын арттыру мәселелері көтерілді.

Мемлекеттік сатып алу рәсімдеріне қатысты бәсекелестікті дамыту және сатып алуды сапалы жоспарлау қажеттігі сөз болды. Техникалық ерекшеліктерді әзірлеу барысында ашықтық қағидаттарын сақтау, ықтимал тәуекелдерді тұрақты бағалау және ішкі бақылау тетіктерін жетілдіру жөнінде жауапты органдарға нақты міндеттер жүктелді.

Отырысты қорытындылаған облыс әкімі сыбайлас жемқорлықтың салдарымен күресуден бұрын оның алдын алуға басымдық беру қажеттігін атап өтті. Мемлекеттік органдарға тәуекелдерді ерте анықтап, белгіленген шараларды уақтылы әрі сапалы орындауды қамтамасыз ету тапсырылды.

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Өңір жаңалықтары
ТАЗА СУ – АУЫЛҒА ЖЕТКЕН ИГІЛІК
28 Тамыз 2026
16 0
Өңір жаңалықтары
ЖАҢА МЕКТЕП – АУЫЛ БОЛАШАҒЫНА ЖАСАЛҒАН ҚАДАМ
28 Тамыз 2026
12 0
Қалалықтар қаперіне
Ашықтық пен адалдық – басты талап
27 Тамыз 2026
89 0
Қалалықтар қаперіне
БҚО-да жылыту маусымына дайындық 96%-ға жетті
27 Тамыз 2026
83 0
Без рубрики
Радиациялық жағдай тұрақты бақылауда
26 Тамыз 2026
112 0
Құрылтай-2026
Құрылтайға кімдер өтті?
26 Тамыз 2026
116 0
Национальный ядерный центр Республики Казахстан
Қазақстандағы төмен байытылған уран банкі: сақтау кезінде қандай технологиялар қолданылады?
25 Тамыз 2026
156 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»