ҚАШЫҚТАН ҚОЛ ҚОЮ СЕРВИСІ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

«Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ электрондық құжат арқылы электрондық цифрлық қолтаңбаны қалыптастыру және тексеру бойынша «ezSigner» сервисінің іске қосылғаны туралы хабарлайды.
«EzSigner» көмегімен азаматтар кез келген құжатқа (түрлі анықтамалар, өтініштер және т. б.) оған заңды маңыздылығын қамтамасыз ете отырып, қашықтықтан қол қоя алады. Яғни, әрбір азаматтың осы веб-қосымшаны пайдалануға мүмкіндігі бар, ол үшін электрондық цифрлық қолтаңба болу және NCALayer бағдарламалық қамтылымын орнату қажет.
«EzSigner» сервисінің бетінде Пайдаланушыға «Құжатқа қол қою» және «Құжатты тексеру» деген екі функция беріледі. Сервистермен жұмыс жасау жөніндегі толық нұсқаулық веб-қосымша бетінде қолжетімді.
«EzSigner» сервисі ақпаратты криптографиялық қорғаудың сертификатталған құралдарын пайдаланады және қорғалған қосылу режимінде жұмыс істейді. «ezSigner» қол қойылған және тексерілетін электрондық құжаттардың, сондай-ақ Gайдаланушының кілттері мен тіркеу куәліктерінің көшірмелерін серверде сақтамайды және бермейді. Бұл ретте қол қою процесі тікелей клиенттің жағында болады.
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
«Жаңа талап» мемлекеттік қызмет мектебінің жаңа оқу жылы басталды
КАЗТАЛОВ АУДАНЫНДА 2 МЛРД ТЕҢГЕНІҢ 26 ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАСЫ БОЙЫНША МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ
Конституцияның 6-бабы: саяси әралуандық пен қоғамдық тұрақтылықтың құқықтық негізі
АВТОМОБИЛЬ КӨЛІГІ ЖӘНЕ АВТОЖОЛ САЛАСЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ҚҰРМЕТКЕ БӨЛЕНДІ
Болашақтың экономикасына байыппен көшуге құқықтық негіз болатын жаңа Азаматтық кодекс қабылдау қажет»
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауы
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 28 қазан күні Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды
Президент шет мемлекеттер басшыларының Ұлттық мерекемізге орай жолдаған құттықтауларына ризашылығын білдірді
ОРАЛДА РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ ОРАЙ МЕМЛЕКЕТТІК ТУ КӨТЕРУ РӘСІМІ ӨТТІ
Облыс әкімі Нариман Төреғалиевтің Республика күнімен құттықтауы
Жедел медициналық көмек станциясының жаңа әкімшілік ғимараты салынуда
Батыс Қазақстан облысында Республика күні қарсаңында сенбіліктер мен ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті
Мемлекет басшысы NVIDIA компаниясының негізін қалаушы және президенті Дженсен Хуангты қабылдады
«Подстепное – Федоровка – Ресей Федерациясының шекарасы»: БҚО-да автомобиль жолы пайдалануға берілді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Республика күніне арналған салтанатты жиында сөз сөйледі
Президент Республика күні қарсаңында бір топ азаматты мемлекеттік наградалармен марапаттау туралы Жарлыққа қол қойды

Кіру
Пікір үстеу