8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
03 Қазан 2024 4883 0
Құттықтаймыз!

Қариялар әннен шашу шашты

Бүгін, Ақ Жайық өңірінің барша ата- әжелері сырнайлатып, күй күмбірлетіп, ән салып, төл өнерді дәріптеді.

А. Островский атындағы орыс драма театрында ертеңмен басталған «Қариясын сыйлаған елде қасиет бар» атты облыстық фестивальдің шымылдығын алдымен «Әже сәлемі» ансамблі ашты. Әнші-композитор Әділбек Сүлейменов жетекшілік етіп, әуелеген әуенге сән берді. Бұл фестивальға бірнеше ауданның халықтық ансамбльдері қатысуда.

Шарада БҚО ардагерлер ұйымының төрағасы Мақсот Берген мен Орал қалалық тілдерді дамыту бөлімінің сектор меңгерушісі Роза Оңғарбай сөз сөйлеп, осы ай – Қариялар айлығы екенін, аға-ұрпақтың үлкен кісілерге деген ілтипаты ешқашан сарқылмайтынын атап өтті.

Дәл қазір сахна төрінде топ-тобымен қаздай тізілген ата-әжелер ансамблі өнер көрсетуде. Сарапшылар Айдар Батырханов пен Қанатқали Қожақов бастаған қазылар алқасы облыстық фестивальдің қортындысын кейін хабарлайды. Жеңімпаздар түсауа гала концертке қатысады.

Орал қаласы әкімдігінің қолдауымен және қалалық мәдениет бөлімі «Мәдени – ағарту бірлестігі»МКҚК ұйымдастырған фестивль туралы толықтай «Жайық Үнінің» келесі санынан оқисыздар.

М. ХАМЗАҚЫЗЫ

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Өңір жаңалықтары
Бүгін – Республика күні
25 Қазан 2026
233 0
Өңір жаңалықтары
Тасқала ауданында 26 отбасы баспаналы болды
23 Қазан 2026
264 0
Құттықтаймыз!
Медицина қызметкерлері марапатталды
23 Қазан 2026
242 0
Өңір жаңалықтары
Қабыршақтыда жаңа мәдениет ошағы ашылды
22 Қазан 2026
281 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»