Ардақты әжелер мен аналар, замандастар, оқырмандар!
Баршаңызды Орал қалалық қоғамдық-саяси апталық «Жайық үні» газетінің редакция ұжымы атынан шын жүрегімізден құттықтаймыз! Көгілдір көктемдей айналаға шуақ шашып аман-сау жүріңіздер! Биік белестерді бағындыра беріңіздер!

Біз шаһардағы игі-жақсылар мен оқырман қауымға ризамыз. Шалтты мерекемен «Жайық үні» газетінің ұжымын құттықтаушылардың бәріне айтар алғысымыз шексіз.


Көктемнің ең шуақты және мейірлі мерекесімен құттықтаушылардың алғашқысы болып БҚО Қазақстан халқы Ассамблеясы Аналар кеңесі бір топ мүшелерін облыс әкімі Алтай Сейдірұлы Көлгіновтің Алғыс хатымен марапаттады. Елге елеулі ардақты аналардың арасында ұжымымыздың басшысы, жазушы Мира Хамзақызы Шүйіншәлиева да «Алғыс хатты» иеленді.

Дәл осындай тамаша мейраммен Орал қаласының әкімі Мұрат Рахметұлы Мұқаев шаһардағы белсенді, парасатты, еңбекқор бір топ аналардың басын қосып,сый-сыяпатын табыс етті. Жиынды жүргізген шаһар басшысы М. Мұқаев алдымен еңбек ардагері Роза Көжековаға, қарымды қаламгер Мира Хамзақызына сөз беріп, жылы лебіздерін тыңдады. Сондықтан өңірдің көшін бастаған басшыларымызға ризашылығымыз шексіз!

Бір қолына қаламын, бір қолына бесігін тербеткен «Жайық үні» редакциясының қыз-келіншектер ұжымын ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі БҚО департаменті, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Ұлттық бюросы БҚО департаменті, Орал қалалық қоғамдық кеңесі, Орал қалалық мәслихат хатшылығы, «Андас» оқу орталығы, Республикалық жоғарғы техникалық мектебі, сол секілді бізбен қоян-қолтық жұмыс жасап жүрген көптеген мекемелер құттықтау хаттары мен гүл шоқтарын, дәмді торттарын сыйлады.
«Жайық үні» редакциясы өңірдегі бұқаралық ақпарат құралдары арасында бәсекеге қабілеттілікпен, жағымды жаңалықтармен Ақ Жайықтың тыныс-тіршілігін ел-жұртқа насихаттап, Сіздермен бірге болуға сендіреді. Тағы да баршаңызға мың алғыс айтады.
«Жайық үні» ЖШС-ның редакция ұжымы.
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Қазақстанда Орталық Азиядағы ең ірі жүгеріні терең өңдеу зауыты іске қосылады
Мемлекет басшысы Халықаралық кинология федерациясының президенті Тамаш Яккельді қабылдады
БҚО-да сұйытылған мұнай газымен қамту мәселесі тұрақты бақылауда
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың жаңа тұжырымдамасы: ашықтық, цифрландыру және қоғаммен әріптестік
Олжас Бектенов обсудил с руководством Air Products сотрудничество в сферах газохимии и промышленных технологий
QOSTANAI TECH қызу өтіп жатыр: Қостанайда ең ауқымды отбасылық ғылыми-инновациялық фестиваль жалғасуда
Оралда «YNTYMAQ» конфессияаралық келісім комьюнити орталығы ашылды
Минобороны Казахстана обновило правила выплат военнослужащим: что изменилось
Қоғамдық орындарда бет-әлпетті жабу: заң талабы және қауіпсіздік
«TURGYNDAR AMANATY»: әрбір тұрғын үйде жайлы өмір сүруге жағдай жасайтын жүйелі шешім
Аида Балаева: Балалардың жазғы демалысы қауіпсіз, сапалы әрі сауықтыруға бағытталған болуы тиіс
Елімізде жасанды интеллект пен цифрландыру бағыты жаңа деңгейге көтерілуде
«Ауыл – ел тірегі: даму мен серіктестіктің жаңа кезеңі» атты облыстық форум аясында көрме ұйымдастырылды
Астанада Қазақстандағы Ресейдің мәдениет күндері аясында Ресей киносы фестивалі басталды

Кіру
Пікір үстеу