8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
14 Мамыр 2026 323 0
Тағылым

Аналардың мерейін өсірді

Мамыр айының екінші жексенбісінде «Аналар күні» мерекесіне орай кітапханамызда «Әйел. Ана. Шабыт» атты мерекелік шара арт-терапия форматында жоғары деңгейде ұйымдастырылды.


Тағылымы мол кездесудің басты мақсаты – аналардың қоғамдағы рөлін дәріптеу, олардың жан дүниесіне қолдау көрсету, шығармашылық арқылы рухани демалыс сыйлау болды.

Шараға көпбалалы аналар мен үйде отырған аяулы жандар қатысып, көтеріңкі көңіл-күйде бас қосты. Кеште қатысушылар бір-бірімен жақын танысып, жылы қарым-қатынас орнатуға мүмкіндік алды. Танысу терапиясынан соң қылқалам мен бояу арқылы салынған әр туындыдан ана жүрегінің мейірімі мен нәзік сезімі көрініс тапты. Қатысушылар үшін бұл тек шығармашылық сәт қана емес, жан тыныштығын сыйлаған ерекше терапиялық кездесу болды. Еркін форматта өрбіген әсерлі кеш барысында аналар жүрекжарды әңгімелерін айтып, өмірлік тәжірибелерімен бөлісті.

«Әйел. Ана. Шабыт» атты шара қатысушыларға ерекше әсер сыйлап, аналардың мерейін өсірген, рухани шабыт берген мазмұнды кездесу ретінде есте қалды.

Орталық аудандық кітапхана ұжымы,

Бөрлі ауданы

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Өңір жаңалықтары
Бүгін – Республика күні
25 Қазан 2026
261 0
Өңір жаңалықтары
Тасқала ауданында 26 отбасы баспаналы болды
23 Қазан 2026
291 0
Құттықтаймыз!
Медицина қызметкерлері марапатталды
23 Қазан 2026
268 0
Өңір жаңалықтары
Қабыршақтыда жаңа мәдениет ошағы ашылды
22 Қазан 2026
306 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»