АНАЛАРДЫҢ 37,8% ҒАНА СӘБИЛЕРІН ЕМІЗЕДІ
Халықтың осал топтары арасында балалар өлімі әлі де жоғары қалпында. Аналардың тек 37,8 пайызығы ғана сәбилерді ана сүтімен қоректендіретіні анықталып отыр.
Педиатр дәрігер Жанар Әкімбекованың айтуынша, 2016-2020 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасы аясында мамандардың алғашқы санитарлық-көмекті науқастың үйіне барып көрсету ержесі енгізілмек.
«Бұл еліміздегі аналар мен балалардың денсаулығын жақсартудағы ең тиімді әдіс. Бұл потранажды прогресивті модель отбасының барлық мүшелерін қамтиды. Әсіресе жұртшылықтың көмекті анағұрлым қажет ететін бөлігіне тұрақты көмек көрсетіледі. Жаңа модельдің артықшылығы ол сапаға жұмыс істейді. Яғни қауіптің алдын алып, оның асқынуына жол бермеу бағытында жұмыс істейді»,- дейді ол Алматыда өтіп жатқан конференцияда.
Жиын барысында ол, халықтың осал топтары арасында балалар өлімі әлі де жоғары қалпында қалып отырғанын, аналардың тек 37,8 пайызығы ғана сәбилерді ана сүтімен қоректендіретіні анықталып отырғанын жеткізді.
«Сонымен қатар бала тәрбиесінде әр үшінші бала физикалық агрессияға ұрынып, психологиялық травма алған. Сондықтан қазіргі заманғы потранажды медициналық қызмет алдымен ата-ананың амандығына және балаға дұрыс тәрбие беруіне бағытталып отыр. Яғни баланы дұрыс тамақтандыру, ынталандыру және тәрбие берудегі қауіпсіздік шараларын сақтауды қажет етеді»,-деді ол.
Оның айтуынша, бұл пилоттық бағдарламаны Қызылорда мен Маңғыстау облысында сынақтан өткізген.
«Қызылорда облысы бойынша айтар болсам бұл жоба өз тиімділігін көрсетті. Мәселен әйелдерді тексеруде көптеген ауруларды алғашқы кезеңінде анықтай білді, сондай-ақ балаларды жасанды тамақпен қоректендіру екі есеге төмендеді»,-деді жас дәрігер.
Дәрігер сондай-ақ, ата-аналар арасында бала тәрбиесіне қатысты саулнама жүргізгендерін, нәтижесінде көпшілігі баласының табысты, дені сау адам болып өскенін қалайтынын, алайда, ол үшін балаға жастайынан инвестиция салу қажеттігін ескере бермейтіндігін айтты.
«Бала табысты, мықты болу үшін оған ерте жастан инвестиция салу керек деген теорияны енгізген ғалымдар 2007 жылы Нобель жүлдесін иеленген болатын. Олардың пайымынша, біз балаға жастайынан инвестиция салсақ ол қоғамға анағұрлым пайда әкеледі. Онда ананың жүкті болуынан бастап оған көп мән беріліп, дені сау баланы өмірге әкелуіне жағдай жасау қажеттігі айтылады. Яғни тек ана емес, бүкіл отбасының жағдайы дені сау баланың өмірге келуіне ықпал етеді. Осы тұста патронажды команданың берер көмегі зор. Олардың қатарында педиатр дәрігер, медбике, психолог, әлеуметтік қызметкерлер бар және бұлар әр отбасыға өздері барып қызмет көрсетіп, тексеріп отырады»,-дейді Жанар Әкімова.

baq.kz
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
«Таза Қазақстан»: прокуратура органдарында цифрлық шешімдер енгізіліп, экологиялық бақылау күшейтілуде
«Сыбайлас жемқорлықсыз қоғам – жарқын болашақ кепілі» атты эссе байқауы қорытындыланды
День животноводов – признание вклада аграриев в продовольственную безопасность страны
«Әділет» партиясының филиалдары Қазақстанның барлық өңірінде құрылады
Бөкей хандығының 225 жылдығы аясында «BOKEI ORDA TRAIL» жүгіру жарысы өтті
10 мыңнан астам жұмыс орны және сенімді энергия: атом электр станциясын салудың негізгі артықшылықтары
БҚО делегациясы Қытай кәсіпорындарында инвестициялық келіссөздер жүргізді
Облыс делегациясы мұнай-химия өндірісінің озық тәжірибелерімен танысты
Қазақстанда 2029 жылға дейінгі халық табысын арттыру жөніндегі кешенді жоспар қабылданды
В Казахстане принята Общенациональная стратегия «Digital Qazaqstan» до 2029 года
Бөрлі ауданында сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған бірқатар іс-шара өтті
Қытай сапары: аймақ басшысы Нариман Төреғалиев Ляонин провинциясы партия комитетінің хатшысымен кездесті
157 стран поддержали кандидатуру Ляззат Калтаевой на выборах в комитет ООН
Заңнамалық өзгерістер және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері қаралды
Қытай сапары: БҚО әкімі Нариман Төреғалиев Ляонин провинциясының губернаторы Ван Синьвэймен кездесті
«Таза Қазақстан»: Астанада бір топ жас экологиялық акция өткізді
Қазақы тазы Болоньяда өткен World Dog Show 2026 көрмесінде салтанатты түрде таныстырылды

Кіру
Пікір үстеу