8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
26 Мамыр 2026 368 0
Без рубрики

Almaty Super Ski жобасының мұздықтарға әсері болмайды

Almaty Super Ski жобасын қоғамдық талқылау барысында ҚР Ғылым және жоғары білім министрілігінің өкілі Ержан Күлдеев ғылыми зерттеулердің нәтижесімен бөлісті.

Оның айтуынша, жоба бойынша таудағы қар жамылғысының жағдайы, қар қоры және климаттық сипаттамалары зерттелген. Зерттеу нәтижесі бойынша кейінгі 10 жылда қар жамылғысының айтарлықтай өзгерісі байқалмаған.

Сондай-ақ жобаның мұздықтарға ықтимал әсері қарастырылған. Ұсынылған деректерге сәйкес, мұздықтар зерттеліп отырған аумақтың сыртында орналасқан. Сондықтан жобаны іске асыру мұздықтардың жағдайына тікелей әсер етпейді.

Ержан Күлдеев құрылыс жүргізілетін аумақта заңнамаға сәйкес алдын ала археологиялық қазба жұмыстары жүргізілетінін атап өтті.

– Барлық учаскелер толық зерттеліп, құжаттандырылғаннан кейін ғана құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізуге рұқсат беріледі, – деді ол.

Оның айтуынша, тұрақты экологиялық бақылау болған жағдайда жобаны іске асыру экологиялық тұрғыдан рұқсат етіледі.

– Жүргізілген зерттеу нәтижелері табиғатты қорғау талаптары мен тұрақты мониторинг шаралары сақталған жағдайда жобаны іске асыру үшін қарастыруға болатынын көрсетеді, – деді ол.

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Өңір жаңалықтары
Бүгін – Республика күні
25 Қазан 2026
234 0
Өңір жаңалықтары
Тасқала ауданында 26 отбасы баспаналы болды
23 Қазан 2026
265 0
Құттықтаймыз!
Медицина қызметкерлері марапатталды
23 Қазан 2026
243 0
Өңір жаңалықтары
Қабыршақтыда жаңа мәдениет ошағы ашылды
22 Қазан 2026
282 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»