8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
19 Желтоқсан 2022 2910 0
Қалалықтар қаперіне

«Қаламгерлер» алаңы ашылды

Бүгін, 19 желтоқсан күні түске дейін Орал қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің құрметіне Ақ Жайық өңірі қаламгерлеріне арналған «Қаламгерлер» алаңының салтанатты ашылу шарасы өтті.

Салтанатты жиынға БҚО әкімі Нариман Төреғалиев пен қала әкімі Миржан Сатқанов, ҚР Жазушылар Одағының БҚО филиалының төрағасы, белгілі ақын Бауыржан Халиолла, сондай-ақ өлкедегі барша ақын-жазушылар, шаhар тұрғындары қатысты.

«Қаламгерлер» алаңын салтанатты түрде облыс әкімі Нариман Төреғалиев пен ақын, «Парасат» орденінің иегері Дариға Мұштанова ашып, құттықтау сөз сөйледі.

Осы игі шарада ҚР Жазушылар Одағының төрағасы, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Ұлықбек Есдәулет пен белгілі ақын Дәулеткерей Кәпұлының құттықтау хаттары оқылды. «Қадыр орталығының» талантты жастары атсалысып, Жұбан Молдағалиевтің «Мен – Қазақпын» поэмасынан үзінді оқыды.

Керемет алаңды көріп қуанған қаламгерлер суретке түсіп, арқа-жарқа болысты. Бұдан соң «Grand Zodiak» мейрамханасында өмірден өткен ақын-жазушыларға арналып Құран оқылды.

Өз тілшіміз.

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Өңір жаңалықтары
Бүгін – Республика күні
25 Қазан 2026
236 0
Өңір жаңалықтары
Тасқала ауданында 26 отбасы баспаналы болды
23 Қазан 2026
269 0
Құттықтаймыз!
Медицина қызметкерлері марапатталды
23 Қазан 2026
245 0
Өңір жаңалықтары
Қабыршақтыда жаңа мәдениет ошағы ашылды
22 Қазан 2026
284 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»