8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
11 Шілде 2026 986 0
Қалалықтар қаперіне

Қала аумағында абаттандыру талаптарының сақталуына бақылау күшейтілді

Орал қаласының Шолохов көшесінде кәсіпкерлік нысандарының сыртқы келбеті мен оған іргелес аумақтардың санитарлық жағдайына кезекті мониторинг жүргізілді.


Аталған іс-шараға Орал қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімінің «Сәулет және урбанистика орталығы» КММ мамандары, Орал қаласы полиция басқармасының табиғат қорғау полициясы қызметкерлері және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімінің өкілдері қатысты.

Мониторинг барысында кәсіпкерлік субъектілеріне абаттандыру қағидаларын сақтау, аумақтың тазалығын қамтамасыз ету, қасбеттер мен жарнамалық конструкцияларды талапқа сай күтіп ұстау бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар анықталған кемшіліктерді заңнама талаптарына сәйкес жою жөнінде ұсынымдар берілді.

Мамандар кәсіпкерлерді қала келбетін қалыптастыруға жауапкершілікпен қарап, өздеріне тиесілі аумақтардың тазалығы мен тәртібін тұрақты сақтауға шақырды. Абаттандыру талаптарының сақталуына қатысты түсіндіру және мониторинг жұмыстары алдағы уақытта қаланың өзге көшелерінде де жалғасады.

Ә.Бақытжанқызы

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Национальный ядерный центр Республики Казахстан
Қазақстандағы төмен байытылған уран банкі: сақтау кезінде қандай технологиялар қолданылады?
25 Тамыз 2026
83 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»