8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
13 Мамыр 2026 338 0
Көктемгі дала жұмыстары

Аграрлық маусым: БҚО-да 626 мың гектарға егін егіледі

Батыс Қазақстан облысында көктемгі егіс науқаны жоспарға сай жүргізілуде. Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында еліміздегі көктемгі дала жұмыстарының барысы қаралды. Жиынға Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев селекторлық режимде қатысты.

Биыл өңірде ауыл шаруашылығы дақылдары егілетін жалпы алқап көлемі 626 мың гектарды құрайды. Егіс құрылымында дәнді және мал азықтық дақылдарға басымдық беріліп отыр. Сонымен қатар 123 мың гектар жерге майлы дақылдар егу жоспарланған. Ал картоп, көкөніс және бақша өнімдеріне 4 мың гектар алқап бөлінген. Бұл бағыттағы жұмыстар өңірде ауыл шаруашылығы өндірісін әртараптандыруға, ішкі нарықты қажетті өнімдермен қамтамасыз етуге және мал шаруашылығы базасын нығайтуға мүмкіндік береді.

Қазіргі таңда облыс диқандары көктемгі дала жұмыстарын белсенді жүргізуде. Бүгінге дейін 478 мың гектар алқапта ылғал жабу жұмыстары атқарылды, 113 мың гектар жерге жаздық дақылдар себілді. Егіс науқанына қажетті тұқым қоры дайындалып, ауыл шаруашылығы техникалары жұмысқа толық әзірленді.

Дала жұмыстарының уақытылы әрі сапалы өтуі үшін шаруаларға қажетті қолдау шаралары қарастырылған. Атап айтқанда, диқандар отандық кәсіпорындардан 12,9 мың тонна минералды тыңайтқыш сатып алды. Материалдық-техникалық базаны жаңарту мақсатында «ҚазАгроҚаржы» АҚ арқылы жалпы құны 6,5 млрд теңге болатын 597 бірлік жаңа ауыл шаруашылығы техникасы лизингке рәсімделді.

Сонымен қатар көктемгі егіс жұмыстарына 10,5 мың тонна дизель отыны бөлінді. Жеңілдетілген жанармай бағасы литріне 270 теңге болып белгіленді. Бұл шаруашылықтардың шығынын азайтып, егіс науқанын тиімді ұйымдастыруға септігін тигізеді.

Биыл аграрлық саланы қолдауға жергілікті бюджеттен 2,7 млрд теңге субсидия қарастырылды. Бұдан бөлек, «Аграрлық несие корпорациясы» арқылы 12,9 млрд теңге көлемінде қаржы бөлініп, бүгінгі күнге дейін шаруаларға 5 пайыздық мөлшерлемемен 8,6 млрд теңге несие берілді. Өтінімдерді қабылдау жұмыстары әлі де жалғасуда.

Көктемгі дала жұмыстарының барысы жауапты құрылымдардың тұрақты бақылауында. Негізгі міндет – егіс науқанын агротехникалық талаптарға сай әрі белгіленген мерзімде аяқтап, ауыл шаруашылығы өнімдерінің тұрақты көлемін қамтамасыз ету.

Ә.Бақытжанқызы

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Жол / Құрылыс
Ақжайық жолдары – жаңарту кезеңінде
27 Маусым 2026
65 0
Инфрақұрылым
Ауыл балалары жаңа мектепте білім алады
27 Маусым 2026
69 0
Құттықтаймыз!
ЖУРНАЛИСТЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ
26 Маусым 2026
140 0
Жол / Құрылыс
Халықаралық маңызы бар жол жаңғыртылуда
25 Маусым 2026
161 0
Бәрекелді!
Саналы ұрпақ – қуатты ел
24 Маусым 2026
168 0
Без рубрики
Мемлекеттік қызметтегі меритократия
23 Маусым 2026
175 0
Тағылым
Бүгін – Әкелер күні
21 Маусым 2026
222 0
Әлем жаңалықтары
В ОАЭ запретили соцсети для детей младше 15 лет
19 Маусым 2026
296 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»