ЖАЙЫҚТЫҢ ЖАЙЫ АЛАҢДАТАДЫ
М.Өтемісов атындағы БҚМУ-да ҚР Энергетика министрлігінің, ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің, Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының, РФ Орынбор облысының қолдауымен және Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің ұйымдастыруымен «Жайық өзені бассейнінің экологиясын сақтаудың бірлескен институционалдық және экономикалық тетігі бойынша ұсыныстар дайындау және халықаралық тәжірибелерді зерттеу мәселелері» тақырыбында екікүндік семинар өтті.
Халықаралық семинарға ЕҚЫҰ-ның Нұр-Сұлтан қаласындағы бағдарламалар кеңсесінің басшысы, елші Дьердь Сабо, ҚР Парламенті мен РФ Мемлекеттік Думасының депутаттары, ғалымдар, халықаралық және отандық сарапшылар қатысты.
– Жайық өзені біздің өңіріміздің және көршілес Ресей Федерациясы облыстарының әлеуметтік-экономикалық дамуында зор рөл атқарады. Сондай-ақ бұл өзен қос мемлекет үшін тарихи, эстетикалық және мәдени маңызға ие. Бұған қоса Жайық өзені бассейнінің экожүйесі жағдайының нашарлауы, соның ішінде су сапасының төмендеуі, жайылма ормандардың азаюы, биологиялық ресурстардың, әсіресе бағалы бекіре тұқымдас балықтардың жойылуы байқалды. Бассейннің жағдайы алаңдаушылық тудыруда. Бұл мәселелер бірнеше мәрте түрлі деңгейде, яғни Мемлекет басшылары, Үкімет және Қазақстан мен Ресей парламентшілерінің араласуымен қарастырылды. Екі мемлекет басшысының кездесуімен трансшекаралық өзендердің экожүйесін сақтау бойынша келісімшартқа қол қойылды. Мұның барлығы стратегиялық тұрғыда шешілді. Атап өту керек, күні бүгінде Жайық өзені Орал қаласын сумен және жылумен қамтамасыз ету үшін пайдаланылады, жылдық көлемі 17 млн. текше метрді құрайды. Биыл өзеннің деңгейі едәуір төмендеді. Бұл тұрғыда сумен қамтамасыз етуде баламалы қуат көздерін қолдану жолдары қарастырылуда. Ауыз судың жерасты көздерін қолдануды жоспарлап отырмыз, қазіргі таңда салалық министрлікпен тиісті жұмыстар жүргізілуде. Өзенді сақтауда бірлескен мақсатымызға жетерімізге сенемін, – деді жиында сөз алған облыс әкімі Ғали Есқалиев.
Шарада ЕҚЫҰ-ның Нұр-Сұлтан қаласындағы бағдарламалар кеңсесінің басшысы, елші Дьердь Сабо, ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігіне қарасты Экологиялық саясат және тұрақты даму департаментінің директоры Наталья Дәулетьярова, РФ Орынбор облысының табиғи ресурстар, экология және меншік қатынасы министрінің міндетін атқарушы Константин Костюченко, «Біздің Жайық – Наш Урал» экологиялық-туристік қозғалысы» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Елена Тарасенко және қос елдің сарапшылары мен ғалымдары сөз алып, Жайық өзенінің экологиялық жағдайын жан-жақты жақсартуға бағытталған бірқатар ұсыныс-пікірлерін ортаға салды. Батыс Қазақстан, Атырау және Ресей елінің көршілес Орынбор облысында бірдей аталып өтетін «Жайық күні» қарсаңында ұйымдастырылған халықаралық семинарда Жайық өзені бассейнінің экожағдайын жақсарту, өзен арнасын тазарту және тереңдету, жоғарыдан келетін су қарқынын арттыру, жасанды су қоймаларын салу, ортақ инвестициялық қор құру сияқты маңызды мәселелер жан-жақты талқыланды.
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Батыс Қазақстан облысында дайын құжаттарды жеткізу бойынша жаңа сервис іске қосылды
Қауіпсіз жаз: БҚО бойынша ЭТТД қызметкерлері балаларды қаржылық сауаттылыққа үйретуде
Орал теміржол вокзалын жаңғырту жұмыстарының 97 пайызы орындалды
Оралда «Әулеттің алтын діңгегі – 2026» облыстық жас келіндер байқауының жеңімпазы анықталды
Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді
«Таза Қазақстан» акциясы аясындағы табиғатты қорғау полициясымен бір күн
Қазақстан мен Чехия полициясы ҚР және ТМД елдері азаматтарының жеке деректерін таратқан халықаралық арнаны жойды
Криптоәмияндар, транзакция және синтетика: ІІМ есірткі бизнесінің қаржылық және цифрлық схемаларына соққы жасауда
«Таза Қазақстан»: прокуратура органдарында цифрлық шешімдер енгізіліп, экологиялық бақылау күшейтілуде
«Сыбайлас жемқорлықсыз қоғам – жарқын болашақ кепілі» атты эссе байқауы қорытындыланды
День животноводов – признание вклада аграриев в продовольственную безопасность страны
«Әділет» партиясының филиалдары Қазақстанның барлық өңірінде құрылады
Бөкей хандығының 225 жылдығы аясында «BOKEI ORDA TRAIL» жүгіру жарысы өтті
10 мыңнан астам жұмыс орны және сенімді энергия: атом электр станциясын салудың негізгі артықшылықтары
БҚО делегациясы Қытай кәсіпорындарында инвестициялық келіссөздер жүргізді
Облыс делегациясы мұнай-химия өндірісінің озық тәжірибелерімен танысты
Қазақстанда 2029 жылға дейінгі халық табысын арттыру жөніндегі кешенді жоспар қабылданды

Кіру
Пікір үстеу