8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
24 Маусым 2019 3417 0
Қоғам

ЖАЛАҚЫНЫ АРТТЫРУҒА 144 МЛРД. ТЕҢГЕ БӨЛІНДІ

2019 жылғы 1 маусымнан бастап азаматтық қызметкерлердің жалақысын арттыруға 144 миллиард теңгеден астам қаржы бөлінген.

Тұңғыш Президент – Елбасының және Мемлекет басшысының тапсырмаларына сәйкес ағымдағы жылғы 1 маусымнан бастап бюджет саласының ақысы төмен қызметкерлерінің жалақысы көбейеді.

«Жалақы 1-ден 8-ге дейінгі разрядтағы қызметкерлерге, қосалқы (техникалық), әкімшілік және негізгі персоналдар қызметкерлеріне, сондай-ақ басқарушы персоналдың кейбір қызметкерлеріне қатысты болды. Аталған қызметкерлердің жалақысы жұмыс өтіліне байланысты сараланған түрде арттырылады. Бұл мақсатқа республикалық бюджеттен 2019 жылға 144,3 млрд. теңге көзделген», делінген ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметінің хабарламасында.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, жоғары білімді және 1 маусымға дейін 2 жыл жұмыс өтілі бар жоғары санатты әлеуметтік қызметкердің жалақысы 81 830 теңгені құрады. 2019 жылғы 1 маусымнан бастап – 98 961 теңге. Осылайша, жалақының өсімі 17 130 теңгені немесе 21% құрады.

«Тағы бір мысал ретінде 5 жыл жұмыс өтілі бар санаты жоқ арнайы орта білімі бар тәрбиешінің жалақысын ұлғайтуды қарастырамыз. Мәселен, егер 1 маусымға дейін ол 58 984 теңгені құраса, 2019 жылғы 1 маусымнан бастап 76 114 теңгені құрайды, бұл жерде жалақы өсімі – 17 130 теңгені немесе 29% құрайды» делінген хабарламада.

Айта кетерлігі, жалақыны арттыру денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қорғау, мәдениет, спорт, ауыл шаруашылығы және басқа салаларда жұмыс істейтін 1,1 миллион азаматтық қызметшілерге қатысты.

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Референдум2026
Маржан той иелері референдумға қатысты
15 Наурыз 2026
63 0
Референдум2026
Кітапсүйер отбасы дауыс берді
15 Наурыз 2026
59 0
Референдум2026
Көп балалы отбасылар өз таңдауын жасады
15 Наурыз 2026
59 0
Референдум2026
Ұлттық рухтың дауысы
15 Наурыз 2026
56 0
Референдум2026
Батыс Қазақстанда Жәңгір хан дауыс берді
15 Наурыз 2026
109 0
Наурыз
Көрісу күніндегі көңіл күй
14 Наурыз 2026
84 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»