8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
24 Маусым 2019 1978 0
Қалалықтар қаперіне

«7-20-25» БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ ШАРТТАРЫ ӨЗГЕРДІ

Ұлттық банк «7-20-25» бағдарламасының талаптарына өзгерістер енгізіп, оның мүмкіндіктерін кеңейтті. Бұл туралы «Баспана» Ипотекалық ұйымы хабарлады.

Бүгінде қарыз алушының қалауы бойынша тұрғын үй құнының 20 пайызынан артық соманы бастапқы жарна ретінде төлеуге рұқсат беріледі. Оның нәтижесінде негізгі борыш сомасы азайып, банктердің қарыз алушының төлем қабілеттілігіне қоятын талаптары төмендетіледі.

«Бұрынғы талап бойынша бекітілген бастапқы жарнаның тұрақты мөлшері қолында 20%-дан артық сомасы бар клиенттерге біраз қолайсыздықтар туғызғаны рас. Ал қазір азаматтар бастапқы жарнаны көбейту арқылы ипотеканы мақұлдау мүмкіндігін арттыра алады. Сонымен бірге, банктер үшін кредиттік тәуекелдер де төмендейді. «7-20-25» бағдарламасы уақыт талаптарына сай, қазақстандықтардың қалауын ескере отырып жаңаруда», – делінген хабарламада. 

«7-20-25» бағдарламасына қатысушы банктер тиісті дайындық жұмыстарын жүргізуде.

АҚПАРАТ КӨЗІ: BAQ.KZ. 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
«Әділет» партиясы
ПАРТИЯ ӨКІЛДЕРІ – БӨКЕЙ ОРДАДА
05 Қараша 2026
250 0
«Әділет» партиясы
Шыңғырлауда сайлауалды кездесу өтті
04 Қараша 2026
290 0
«Әділет» партиясы
КӨШПЕЛІ ШТАБ ЖҰМЫСЫ СЫРЫМ АУДАНЫНДА ЖАЛҒАСУДА
03 Қараша 2026
326 0
Өңір жаңалықтары
Бүгін – Республика күні
25 Қазан 2026
524 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»