«АРМЫСЫҢ, ӘЗ НАУРЫЗ»
Орал қаласындағы Круглоозерный орта мектебінде ұлыстың ұлы күніне орай «Армысың, әз Наурыз!» атты мерекелік шара оздырылды. Шараны мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Бибігүл Төлегенқызы ашып, ата-аналарды, оқушыларды Наурыз мерекесімен құттықтады.

Мектептің акт залы мерекеге сай безендіріліп, «Өлкеме Наурыз келді» тақырыбында кітап көрмесі жасақталды.
Оқушылардың ата-бабамыздың ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келе жатқан халықтық салт-дәстүрден нәр алып өсуіне, инабатты, мейірімді, қайырымды болуға тәрбиелеу мақсатында бастауыш сынып мұғалімі Гүлназ Асқарқызының ұйымдастыруымен қазақ халықының салт-дәстүріне байланысты барлық жөн-жоралғы рет-ретімен жүзеге асырылды. Бесікке салу, қыз қуу, беташар, тұсау кесу, арқан тарту, ат қою рәсімдері оқушылардың орындауында әдемі көрініс тапты. Сонымен қатар оқушылар ата-бабамыздан қалған шешендік, ырым-тыйым сөздер айтып жарысқа түсті.
Өркениетті өмірге талпынған, ата-баба дәстүрін жалғастыратын, туған жерін, асқақтаған көк тулы Отанын сүйетін жас жеткіншектердің өнеріне ата-аналар тәнті болып, ризашылықтарын білдірді.
А.Әбілхайырова, Круглоозерный ЖОББМ кітапхана меңгерушісі
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Оралда ер адам банкоматтың купюра салатын ұяшығындағы өзгенің ақшасын алып кеткен
Оралда Дүниежүзілік тазалық күніне орай жалпықалалық сенбілік өтті
«Elge qyzmet: жауапкершілік пен мүмкіндік» тақырыбында жастармен кездесу өтті
Мемлекеттік қызметтер: жүйелі мәселелерді шешу және сапаны арттыру
Еліміздің батысында көпсатылы командалық-штабтық оқу-жаттығу басталды
2028 жылғы шілдеге дейін еліміздегі 2,6 мыңнан астам шағын жинақты ауыл мектебі жасанды интеллект енгізу жобасымен қамтылады
Спорт саласында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу мәселелері талқыланды
Оралда Қорғаныс министрлігінің патриоттық акциясына 2 мыңға жуық адам қатысты
79,3% казахстанцев характеризуют обстановку в стране как благополучную или стабильную
Мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс мәселелері түсіндірілді
Денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мәселелері талқыланды
«ЖАЙЫҚ ЖҮЙРІГІ – 2026»: Жүйріктер додасының жеңімпаздары анықталды
Оралда алғаш рет «JAIYQ SAZY» халықаралық этнофестивалі өтті
Оралда қала күніне орай І халықаралық «JAIYQ SAZY» этнофестивалі өтті
ОБЛЫС ӘКІМІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ӘБІЛҒАЗЫ ҚҰСАЙЫНОВПЕН КЕЗДЕСТІ

Кіру
Пікір үстеу