8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
08 Ақпан 2019 3298 0
Қоғам

ЧЕМПИОНҒА ТАРТУ

Қазталов ауданының атымтай жомарт азаматтары жерлестері, әлем чемпионы Нұрбол Серіковке Орал қаласынан екі бөлмелі пәтер сыйлағанын жазған едік. Бүгін, 8 ақпан, жұма күні заңды түрде құжаттарын рәсімдеп, Нұрболды жаңа құтты қоныс  пәтеріне кірді. Батыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқарма басшысы Аманбаева Әсия Рахымқызы арнайы құтты болсын айтып, шашу шашты. 

 

– Қос өзен ауданында, елін мақтан тұтқан, елім деген жігітті ,ел көтеретін жалғасын тапқан үрдіс бар. Елдің атын – ер шығарады, Нұрбол енді тек осылай алған бағытынан таймасын, кейінгі жасөспірім жастар осы Нұрбол ағасындай жеңістің тұғырынан көрінсе, біздер тартынып қалмаймыз. Біз секілді қанша кәсіпкерлер бар, осы үрдісті жалғастырып, жеңімпаздарымызға қолдау көрсетсе, әлі талай додадан қазақ жігіттері жеңіске ынталанып, еліміздің байрағын көкте желбіретініне сенім мол, – дейді бірауыздан демеушілік жасаған азаматтар.

Нұрбол Серіков – өткен жылдың қарашасында Румынияда өткен додада әлем чемпионы атанды. Екінші сыныпта оқып жүрген кезінен ауылдағы күрес мектебіне барған. Алғашқы жаттықтырушысы Стамғазиев Жеңіс Қанатұлы. 2015 жылы М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетін аяқтаған.

Бала кезінен спортқа құмар бала, бапкерлерінің сенімін ақтап, Қазақстан бойынша он бірінші, Батыс Қазақстан облысы бойынша төртінші, ал Жалпақталдан шықан самбодан бірінші әлем чемпионы.

Айта кетейік, чемпионға баспана сыйлауға Тұрарбек Тілемісов, Әлібек Сартаев, Қайнар Есмұханов, Александр Қарағойшин, Самат Хасанов, Берік Құрманғалиевтар демеушілік жасады.

 

                      Рафхат Халелов, Орал қаласы.

Фотосуреттерді түсірген автор.

 

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Мәдениет
400 мыңнан астам кітап қоры бар
16 Маусым 2026
100 0
Қалалықтар қаперіне
Шаған көпірі уақытша жабылады
13 Маусым 2026
190 0
Қоғам
Бюджет атқарылуы бақылауда
12 Маусым 2026
229 0
Экология
Абаттандыру – басты назарда
11 Маусым 2026
268 0
Қалалықтар қаперіне
Ыстық сумен жабдықтау уақытша тоқтатылады
07 Маусым 2026
347 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»