8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
05 Ақпан 2019 2699 0
Қалалықтар қаперіне

ҚАШЫҚТАН ҚОЛ ҚОЮ СЕРВИСІ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

 

«Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ электрондық құжат арқылы электрондық цифрлық қолтаңбаны қалыптастыру және тексеру бойынша «ezSigner» сервисінің іске қосылғаны туралы хабарлайды.

«EzSigner» көмегімен азаматтар кез келген құжатқа (түрлі анықтамалар, өтініштер және т. б.) оған заңды маңыздылығын қамтамасыз ете отырып,  қашықтықтан қол қоя алады. Яғни, әрбір азаматтың осы веб-қосымшаны пайдалануға мүмкіндігі бар, ол үшін электрондық цифрлық қолтаңба болу және NCALayer бағдарламалық қамтылымын  орнату қажет.

«EzSigner» сервисінің бетінде Пайдаланушыға  «Құжатқа қол қою»  және «Құжатты тексеру» деген  екі функция беріледі. Сервистермен жұмыс жасау жөніндегі толық нұсқаулық веб-қосымша бетінде қолжетімді.

«EzSigner» сервисі ақпаратты криптографиялық қорғаудың сертификатталған құралдарын пайдаланады және қорғалған қосылу режимінде жұмыс істейді. «ezSigner» қол қойылған және тексерілетін электрондық құжаттардың, сондай-ақ Gайдаланушының кілттері мен тіркеу куәліктерінің көшірмелерін серверде сақтамайды және бермейді. Бұл ретте қол қою процесі тікелей клиенттің жағында болады.

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Өңір жаңалықтары
Бүгін – Республика күні
25 Қазан 2026
236 0
Өңір жаңалықтары
Тасқала ауданында 26 отбасы баспаналы болды
23 Қазан 2026
269 0
Құттықтаймыз!
Медицина қызметкерлері марапатталды
23 Қазан 2026
245 0
Өңір жаңалықтары
Қабыршақтыда жаңа мәдениет ошағы ашылды
22 Қазан 2026
284 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»