8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
12 Қараша 2026 54 0
«Әділет» партиясы

ЕҢБЕК АДАМЫНЫҢ МҮДДЕСІ – БАСТЫ НАЗАРДА

Ауқымды үгіт-насихат науқаны аясында «Әділет» партиясы облыстық сайлауалды штабының өкілдері өңірдегі машина жасау саласының жетекші кәсіпорны — «ОралАгроРемМаш» ЖШС-нің еңбек ұжымымен кездесу өткізді. Кездесуге облыстық сайлауалды штаб төрағасының орынбасары Азамат Сафималиев, сондай-ақ штаб мүшелері Бауржан Жантлеуов, Әдемі Жарасова қатысты.
Ашық диалогтың басты тақырыбы — «Әділет» партиясының Батыс Қазақстан облысы бойынша 2026–2031 жылдарға арналған сайлауалды платформасы болды. Бағдарлама өңірді тұрақты дамытуға, инфрақұрылымды жақсартуға және әрбір тұрғынның әл-ауқатын арттыруға бағытталған. Партияның негізгі ұстанымдары ретінде әділдік, жауапкершілік, еңбекқорлық, патриотизм және прогресс белгіленген.
Кездесуді ашқан облыстық сайлауалды штаб төрағасының орынбасары Азамат Сафималиев экономиканы дамыту, отандық өндірісті қолдау және жаңа жұмыс орындарын құру мәселелеріне ерекше тоқталды:
– Басты міндет — облыстың әрбір тұрғынының өмір сүру сапасын арттыру, қала мен ауыл тұрғындары үшін тең мүмкіндіктер қамтамасыз ету және өңірдің тұрақты дамуына жағдай жасау. Партия экономиканың нақты секторын қолдауға және инфрақұрылымды жаңғыртуға баса мән береді. Бағдарламамызға сәйкес, 2031 жылға дейін өңірде 19 700 субсидияланатын жұмыс орны құрылады. Бәсекеге қабілетті қуатты экономика құру мен жаңа өндірістерді дамытуға басымдық береміз,-деді спикер.
Өз кезегінде облыстық штаб мүшесі Бауржан Жантлеуов инфрақұрылымды дамыту, экологиялық қауіпсіздік және жастарға жайлы орта қалыптастыру мәселелерін сөз етті:
«Өңіріміздің болашағы бүгінгі өмір сүру жағдайымызға тікелей байланысты. Партия бағдарламасында коммунальдық желілердің тозуын азайту, жолдарды жөндеу және цифрлық сервистерді дамыту бойынша ауқымды жұмыстар қарастырылған. Тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу үлесін 40%-ға дейін жеткізіп, орман алқаптарын ұлғайтуды көздеп отырмыз. Сонымен қатар «Халықтық қатысу бюджеті» бастамасын қолдап, жергілікті маңызы бар мәселелерді шешуге тұрғындарды белсенді түрде тартамыз. Бұл — әрбір азамат өз әлеуетін іске асыра алатын әділетті қоғам құру жолы».
Штаб өкілдерінің баяндамасын қорытындылаған Әдемі Жарасова әлеуметтік саясат, адам капиталына инвестиция салу, сондай-ақ заң мен тәртіпті қамтамасыз ету блогына кеңінен тоқталды. Сондай-ақ жолдарды салу мен жөндеу, білім беру және денсаулық сақтау нысандарын жаңарту, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық пен инженерлік инфрақұрылымды дамыту сияқты өзекті бағыттарды атап өтті.
«Мемлекет басшысы белгілеген ауқымды құрылыс бастамалары аясында елімізде денсаулық сақтау, білім беру және әлеуметтік сала нысандарын салу жоспарланған. Бұл орайда отандық кәсіпорындардың өндірістік мүмкіндіктерін пайдалану, жергілікті өнімге деген сұранысты арттыру және өндірістерді тұрақты тапсырыстармен қамтамасыз ету мәселелері айрықша маңызға ие болады», — деді Әдемі Дарханқызы.
Кездесу сындарлы диалог форматында өтті. Зауыт жұмысшылары өздерін толғандырған сауалдарын қойып, ұсыныстарын білдірді.

Дайындады: «Әділет» партиясы Батыс Қазақстан облыстық филиалының баспасөз қызметі
Тапсырыс беруші: Бектұрған Б.О.
Батыс Қазақстан облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған «Әділет» партиясы» ҚБ сайлау қорының қаражатынан төленді.

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
«Әділет» партиясы
ЕҢБЕК АДАМЫНЫҢ МҮДДЕСІ – БАСТЫ НАЗАРДА
12 Қараша 2026
54 0
«Әділет» партиясы
БИЗНЕС ДАМУЫ – ӨҢІР ӨРКЕНДЕУІНІҢ КЕПІЛІ
11 Қараша 2026
114 0
«Әділет» партиясы
БОЛАШАҚ ӨЗ ТАҢДАУЫМЫЗҒА БАЙЛАНЫСТЫ
10 Қараша 2026
160 0
«Әділет» партиясы
ПАРТИЯ ӨКІЛДЕРІ – БӨКЕЙ ОРДАДА
05 Қараша 2026
347 0
«Әділет» партиясы
Шыңғырлауда сайлауалды кездесу өтті
04 Қараша 2026
377 0
«Әділет» партиясы
КӨШПЕЛІ ШТАБ ЖҰМЫСЫ СЫРЫМ АУДАНЫНДА ЖАЛҒАСУДА
03 Қараша 2026
405 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»