8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
11 Қараша 2026 41 0
«Әділет» партиясы

БИЗНЕС ДАМУЫ – ӨҢІР ӨРКЕНДЕУІНІҢ КЕПІЛІ

«Әділет» партиясының облыстық сайлауалды штабының өкілдері «Батыс Қазақстан құрылыс материалдары корпорациясы» АҚ-ның еңбек ұжымымен кездесті.

Ашық диалог форматында өткен басқосуда партияның 2026–2031 жылдарға арналған сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттары таныстырылып, кәсіпкерлікті қолдау, жаңа жұмыс орындарын ашу, инвестиция тарту және өңір экономикасын дамыту мәселелері талқыланды.

Кездесуде спикер Жазира Мұхамбетжанова облыстағы шағын және орта бизнесті дамытуға бағытталған бастамаларға тоқталды.
– Бүгінде өңірде 2 200 шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі жұмыс істейді. Ал кәсіпкерлік әлеуетті арттыру мақсатында 2025–2026 жылдарға арналған бағдарлама аясында бизнес-бастамаларды қолдауға, жұмыспен қамтуға, жастар мен мамандарды қаржыландыруға 15 млрд теңге қарастырылған. Сонымен қатар ауылдық елді мекендердегі кәсіпкерлікті жандандыруға бағытталған «Іскер аймақ» бағдарламасы бойынша 61 бизнес субъектісін қамту жоспарланып отыр,-деді ол.

Кәсіпкерлік саласындағы өз тәжірибесімен бөліскен Жазира Мухамбетжанова бизнес өкілдері үшін әкімшілік кедергілерді азайту мен тұрақты жұмыс істеуге қолайлы жағдай қалыптастырудың маңызын атап өтті. Әсіресе, Мемлекет басшысы енгізген үш жылдық тексеру мораторийінің кәсіпкерлерге беріп отырған мүмкіндіктерін айтты.

Сондай-ақ кездесуде «Әділетті болашақ үшін!» атты 2026–2031 жылдары өңірді кешенді дамыту бағдарламасының негізгі бағыттары сөз болды. Бұдан бөлек, тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу үлесін арттыру, полигондардың экологиялық жағдайын жақсарту және Жайық өзені мен табиғи ресурстарды қорғау мәселелеріне де басымдық берілді.

Кездесу барысында зауыт қызметкерлері партиялық бастамалармен қатар, көрсетілетін нақты қолдау тетіктері бойынша сауалдарын жолдады. Ашық пікір алмасу форматында өткен кездесу қоғаммен тұрақты байланыс орнатудың, еңбек адамдарының үнін естіп, өзекті мәселелерді бірлесе талқылаудың маңызын көрсетті.

Дайындады: «Әділет» партиясы Батыс Қазақстан облыстық филиалының баспасөз қызметі
Тапсырыс беруші: Бектұрған Б.О.
Батыс Қазақстан облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған «Әділет» партиясы» ҚБ сайлау қорының қаражатынан төленді.

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
«Әділет» партиясы
БИЗНЕС ДАМУЫ – ӨҢІР ӨРКЕНДЕУІНІҢ КЕПІЛІ
11 Қараша 2026
41 0
«Әділет» партиясы
БОЛАШАҚ ӨЗ ТАҢДАУЫМЫЗҒА БАЙЛАНЫСТЫ
10 Қараша 2026
116 0
«Әділет» партиясы
ПАРТИЯ ӨКІЛДЕРІ – БӨКЕЙ ОРДАДА
05 Қараша 2026
314 0
«Әділет» партиясы
Шыңғырлауда сайлауалды кездесу өтті
04 Қараша 2026
350 0
«Әділет» партиясы
КӨШПЕЛІ ШТАБ ЖҰМЫСЫ СЫРЫМ АУДАНЫНДА ЖАЛҒАСУДА
03 Қараша 2026
376 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»