8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
09 Қараша 2026 53 0
«Әділет» партиясы

ОТАНДЫҚ ӨНДІРІСТІ ДАМЫТУ – ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСІМНІҢ МАҢЫЗДЫ КЕПІЛІ

«Әділет» партиясының облыстық қоғамдық штабының өкілдері «Орал сауда-өнеркәсіп базасы» ЖШС еңбек ұжымымен кездесу өткізді. Басқосуға партия өкілдері Ақылжан Ахметов және Руслан Шахаров қатысты.

Жиын барысында Руслан Шахаров өңірді дамытудың басым бағыттарына тоқталып, жол құрылысы мен жөндеу, білім беру және денсаулық сақтау нысандарын жаңғырту, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы мен инженерлік инфрақұрылымды дамыту мәселелерін атап өтті. Сондай-ақ алдағы кезеңде жүзеге асырылуы көзделген «Халықтық құрылыс» аясындағы жобаларға тоқталып, олардың орындалуында отандық өндіріс орындарының әлеуетін тиімді пайдалану маңызды екенін жеткізді.
Өз кезегінде Ақылжан Ахметов партияның сайлауалды бағдарламасында белгіленген нақты көрсеткіштерге тоқталды. Атап айтқанда, облыстағы жақсы жағдайдағы жолдардың үлесін қазіргі 60 пайыздан 2031 жылға қарай 77 пайызға дейін арттыру, коммуналдық, электр және инженерлік желілердің тозу деңгейін 59 пайыздан 53 пайызға дейін төмендету міндеттері белгіленгенін айтты. Бұл көрсеткіштерге қол жеткізуде жергілікті өнеркәсіп орындары мен еңбек ұжымдарының да өзіндік үлесі бар екенін ерекше атады.

Кездесу соңында кәсіпорын қызметкерлері өздерін толғандырған мәселелерді ортаға салып, ұсыныс-пікірлерін білдірді. Ашық форматта өткен әңгіме барысында өндірісті дамыту, инженерлік инфрақұрылымды жаңарту және отандық кәсіпорындардың өңір экономикасындағы рөлі талқыланды.

Айта кетейік, «Орал сауда-өнеркәсіп базасы» ЖШС – өңірдегі өнеркәсіп саласында қызмет атқаратын отандық кәсіпорындардың бірегейі. Кәсіпорын полиэтиленнен түрлі өнімдер, соның ішінде инженерлік-коммуналдық инфрақұрылымға қажетті құбырлар өндіруге маманданған. Өндірісте қайта өңделген полиэтиленді пайдалану арқылы екінші шикізатты кәдеге жаратуға да үлес қосып келеді. Кәсіпорын өнімдері су және басқа да инженерлік желілерді жаңарту жұмыстарына бағытталып отыр. Бұл өз кезегінде отандық өндірісті дамытуға, импортқа тәуелділікті азайтуға және өңірдің өнеркәсіптік әлеуетін арттыруға мүмкіндік береді.

Дайындады: «Әділет» партиясы Батыс Қазақстан облыстық филиалының баспасөз қызметі
Тапсырыс беруші: Бектұрған Б.О.
Батыс Қазақстан облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған «Әділет» партиясы» ҚБ сайлау қорының қаражатынан төленді.

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
«Әділет» партиясы
ПАРТИЯ ӨКІЛДЕРІ – БӨКЕЙ ОРДАДА
05 Қараша 2026
247 0
«Әділет» партиясы
Шыңғырлауда сайлауалды кездесу өтті
04 Қараша 2026
286 0
«Әділет» партиясы
КӨШПЕЛІ ШТАБ ЖҰМЫСЫ СЫРЫМ АУДАНЫНДА ЖАЛҒАСУДА
03 Қараша 2026
323 0
Өңір жаңалықтары
Бүгін – Республика күні
25 Қазан 2026
522 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»