«Қауіпсіздік коды: 102-111-150»: тұрмыстық зорлық-зомбылыққа жол жоқ!!!
Отбасылық-тұрмыстық саладағы құқық бұзушылықтардың алдын алу, зорлық-зомбылыққа мүлдем төзбеушілік мәдениетін қалыптастыру және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында облыста жүйелі профилактикалық жұмыстар жүргізілуде.
ҚР ІІМ белгілеген «Заң мен тәртіп» қағидатын басшылыққа ала отырып, полиция органдары мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдармен, үкіметтік емес ұйымдармен және қоғам өкілдерімен бірлесіп, отбасы-тұрмыстық саладағы құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған кешенді шараларды жүзеге асыруда.
Қылмыстар саны төмендеді
Қабылданып жатқан профилактикалық шаралардың нәтижесінде БҚО бойынша 8 айлық көрсеткішпен отбасы-тұрмыстық саладағы қылмыстар саны 101-ден 96-ға дейін төмендеп, 5%-ды құрады.
Есепті кезеңде 85 қылмыстық теріс қылық (2025 жылы – 91) және 11 қылмыс (2025 жылы – 10) тіркелген. Бұл көрсеткіштер құқық бұзушылықтың алдын алу және қауіп тобындағы тұлғалармен жеке профилактикалық жұмыстарды күшейтудің маңыздылығын көрсетеді.
Қорғау шаралары күшейтілді
Отбасылық жанжалдардың қайталануына жол бермеу мақсатында құқық бұзушыларға қатысты жеке профилактикалық шаралар тұрақты түрде жүргізіледі. Атап айтқанда, 2 032 қорғау нұсқамасы шығарылды. Өткен жылы бұл көрсеткіш 1 936 болған.
Қорғау нұсқамасының талаптарын бұзудың 128 фактісі анықталып, кінәлі тұлғалар ҚР ӘҚБтК-нің 461-бабына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Сонымен қатар, соттар әкімшілік істерді қарау барысында құқық бұзушылардың мінез-құлқына 708 ерекше талап белгіледі. Оның ішінде 597 тұлғаға алкогольдік өнімдерді пайдалануға тыйым салынды.
Сот қаулылары негізінде 48 азаматқа денсаулық сақтау ұйымдарынан психологиялық көмек алу міндеті жүктелді. Мұндай шаралар құқық бұзушылықтың қайталану тәуекелін азайтуға және отбасылық жанжалдардың себептерін жоюға бағытталған.
Ал ҚР ӘҚБтК-нің 73-бабы бойынша 1 956 құқық бұзушылық анықталды. Өткен жылы бұл көрсеткіш 1 710 болған.
Алдын алу – ортақ міндет.
Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу тек құқық қорғау органдарының ғана міндеті емес. Бұл бағытта мемлекеттік органдардың, азаматтық қоғам институттарының, үкіметтік емес ұйымдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының және қоғам өкілдерінің өзара іс-қимылы ерекше маңызға ие.
Ағымдағы жылы облыс аумағында халықтың құқықтық сауаттылығын арттыруға және отбасы-тұрмыстық саладағы құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған бірқатар республикалық және жергілікті іс-шаралар өткізілді.
Олардың қатарында «Тұрмыс», «Стоп-Сталкинг», «Учаске», «Есептегі тұлға», «Қауіпсіз үй» жедел-профилактикалық іс-шаралары, сондай-ақ «Отбасында зорлық-зомбылықсыз Қазақстан» флешмоб-акциясы бар. Сонымен қатар, азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру және полициямен кері байланысты нығайту мақсатында «Бізден сұраңыз. Біз қасыңдамыз» ақпараттық акциясы ұйымдастырылды.
«Қауіпсіздік коды: 102-111-150».
Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа мүлдем төзбеушілік қағидатын қалыптастыру, ведомствоаралық өзара іс-қимылды кеңейту және қоғамның назарын отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселесіне аудару мақсатында 23-25 қыркүйек аралығында республика аумағында «Қауіпсіздік коды: 102-111-150» атты кең ауқымды акция өткізіледі.
Акцияның негізгі мақсаты – тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, оның құрбандары мен куәгерлеріне дер кезінде көмек көрсету тетіктері туралы халықты ақпараттандыру, отбасындағы өзара сыйластық пен қолдау мәдениетін қалыптастыру және азаматтардың құқық қорғау органдарына деген сенімін нығайту.
Акцияның атауындағы «102-111-150» – қауіп төнген жағдайда немесе көмек қажет болған кезде жүгінуге болатын маңызды байланыс нөмірлері.
102 – ПОЛИЦИЯ
Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа тап болсаңыз немесе оның жасалуына куә болсаңыз, 102 нөміріне хабарласыңыз. Полицияға уақытылы хабарлау – құқық бұзушылықтың жолын кесуге, зардап шеккен адамды қорғауға және қажетті шараларды қабылдауға мүмкіндік береді.
111 – ОТБАСЫ, ӘЙЕЛДЕР МЕН БАЛАЛАРДЫ ҚОЛДАУ
Отбасылық жанжал, тұрмыстық зорлық-зомбылық, әйелдер мен балалардың қауіпсіздігіне қатысты мәселелер бойынша 111 нөміріне хабарласып, көмек пен кеңес алуға болады. Бұл нөмір арқылы азаматтар өздерін толғандырған мәселелер бойынша ақпарат алып, қажетті қолдау түрлеріне бағытталады.
150 – БАЛАЛАР МЕН ЖАСТАРҒА АРНАЛҒАН СЕНІМ ТЕЛЕФОНЫ
Қиын жағдайға тап болған балалар мен жастар, сондай-ақ олардың қауіпсіздігіне алаңдайтын азаматтар 150 нөміріне хабарласа алады. Бұл – қиындыққа тап болған балаға немесе жасөспірімге дер кезінде психологиялық және құқықтық қолдау көрсетуге бағытталған маңызды байланыс арнасы.
Үнсіз қалмаңыз!
Тұрмыстық зорлық-зомбылық көбіне жабық есіктің ар жағында орын алады. Сондықтан оның алдын алуда жәбірленушінің ғана емес, куәгерлердің де белсенді ұстанымы маңызды.
Егер сіз зорлық-зомбылықтың куәгері болсаңыз, жағдайға бейжай қарамаңыз. Қауіп төніп тұрса, 102 нөміріне хабарласыңыз. Отбасы, әйелдер мен балалардың құқықтары мен қауіпсіздігіне қатысты мәселелер бойынша 111, ал балалар мен жастар үшін 150 сенім телефоны жұмыс істейді.
Зорлық-зомбылыққа немқұрайлы қарамайық.
Қауіпсіз отбасы – қауіпсіз қоғамның негізі.
Есте сақтаңыз:
102-полиция
111-отбасы, әйелдер мен балаларды қолдау
150-балалар мен жастарға арналған сенім телефоны
102 • 111 • 150 – Қауіпсіздік коды.
Батыс Қазақстан облысы Полиция департаменті Қоғамдық қауіпсіздік басқармасының
Отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес бөлімінің
аға инспекторы полиция капитаны Рахметқали Анаргүл Тынышқалиқызы
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
ОТАНДЫҚ ӨНДІРІСТІ ДАМЫТУ – ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСІМНІҢ МАҢЫЗДЫ КЕПІЛІ
ТАСҚАЛА АУДАНЫНДА «ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫНЫҢ ӨКІЛДЕРІ ТҰРҒЫНДАРМЕН КЕЗДЕСТІ
ӨНДІРІСТЕН РУХАНИЯТҚА ДЕЙІН: ӘДІЛЕТ ПАРТИЯСЫ ӨКІЛДЕРІ ЖАҢАҚАЛАЛЫҚТАРМЕН ЖҮЗДЕСТІ
«ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫНЫҢ САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ КАЗТАЛОВ ЖҰРТШЫЛЫҒЫМЕН ТАЛҚЫЛАНДЫ
«ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫНЫҢ КӨШПЕЛІ ШТАБЫ ЖӘНІБЕК ЖҰРТШЫЛЫҒЫМЕН КЕЗДЕСТІ
Тұрақты даму – тиімді мемлекеттік басқару мен ортақ жауапкершіліктің нәтижесі
Бөрлі ауылында «Әділет» партиясының облыстық штаб мүшелері тұрғындармен кездесті
Жаңа Қазақстан Конституциясы – Әділетті қоғамның құқықтық негізі
«Жаңа талап» мемлекеттік қызмет мектебінің жаңа оқу жылы басталды
КАЗТАЛОВ АУДАНЫНДА 2 МЛРД ТЕҢГЕНІҢ 26 ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАСЫ БОЙЫНША МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ
Конституцияның 6-бабы: саяси әралуандық пен қоғамдық тұрақтылықтың құқықтық негізі
АВТОМОБИЛЬ КӨЛІГІ ЖӘНЕ АВТОЖОЛ САЛАСЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ҚҰРМЕТКЕ БӨЛЕНДІ
Болашақтың экономикасына байыппен көшуге құқықтық негіз болатын жаңа Азаматтық кодекс қабылдау қажет»
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауы
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 28 қазан күні Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды
Президент шет мемлекеттер басшыларының Ұлттық мерекемізге орай жолдаған құттықтауларына ризашылығын білдірді
ОРАЛДА РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ ОРАЙ МЕМЛЕКЕТТІК ТУ КӨТЕРУ РӘСІМІ ӨТТІ
Облыс әкімі Нариман Төреғалиевтің Республика күнімен құттықтауы
Жедел медициналық көмек станциясының жаңа әкімшілік ғимараты салынуда

Кіру