8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
22 Қыркүйек 2026 418 0
Өңір жаңалықтары

ЖОЛ ҚОЗҒАЛЫСЫ ҚАУІПСІЗДІГІ – БАСТЫ НАЗАРДА

ҚР Премьер-министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері талқыланды.

Жиынға Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев селекторлық режимде қатысты.

Өңірде жол-көлік оқиғаларының алдын алу бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Нәтижесінде биылғы сегіз айда жол-көлік оқиғаларының саны өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 14 пайызға төмендеді. Сондай-ақ жол апаттарынан қаза тапқандар мен зардап шеккендер саны да азайған.

Жол инфрақұрылымын жақсарту мақсатында биыл облыста 292,9 шақырымнан астам жолды жөндеуге 48,6 млрд теңге бөлініп, тиісті жұмыстар атқарылуда. Жол қозғалысы ережелерінің сақталуын бақылау үшін өңірде 135 автоматты жылдамдық бақылау жүйесі жұмыс істейді. Жыл басынан бері олардың көмегімен 77 мыңнан астам құқық бұзушылық анықталған.

Үкімет отырысынан кейін облыс әкімі жауапты мекемелер мен жергілікті атқарушы органдарға жол қозғалысы қауіпсіздігін күшейту, жол-көлік оқиғаларының алдын алу және жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстарды жалғастыруды тапсырды. Сонымен қатар жолдардың сапасын жақсарту, инфрақұрылымдағы кемшіліктерді уақытылы жою және жол қозғалысы ережелерінің сақталуын бақылауды күшейту жөнінде нақты міндеттер жүктеді.

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
«Әділет» партиясы
ПАРТИЯ ӨКІЛДЕРІ – БӨКЕЙ ОРДАДА
05 Қараша 2026
252 0
«Әділет» партиясы
Шыңғырлауда сайлауалды кездесу өтті
04 Қараша 2026
292 0
«Әділет» партиясы
КӨШПЕЛІ ШТАБ ЖҰМЫСЫ СЫРЫМ АУДАНЫНДА ЖАЛҒАСУДА
03 Қараша 2026
328 0
Өңір жаңалықтары
Бүгін – Республика күні
25 Қазан 2026
526 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»