8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
19 Қыркүйек 2026 522 0
Өңір жаңалықтары

Оралда «Дала дәмі» ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті

Орал қаласында «Дала дәмі» бірыңғай форматтағы ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Ықсанов көшесінде өткен жәрмеңкеде жергілікті тауар өндірушілер өз өнімдерін қала тұрғындарына ұсынды.

Сауда-саттыққа 70-тен астам өндіруші қатысып, 250 тоннаға жуық ауыл шаруашылығы және азық-түлік өнімін сатылымға шығарды.

Жәрмеңкеде облыс әкімі Нариман Төреғалиев пен Орал қаласының әкімі Мұрат Байменов сауда қатарларын аралап, жергілікті өндірушілердің өнімдерімен танысты.

«Дала дәмі» жәрмеңкелерінің басты міндеті – отандық және жергілікті өндірушілерді қолдау, олардың өнімдерін тұтынушыларға тікелей жеткізуге жағдай жасау.

Жәрмеңке өткізу жұмыстары облыс көлемінде тұрақты түрде жалғасуда. Жыл соңына дейін 600 ауыл шаруашылығы жәрмеңкесін ұйымдастыру көзделген. Қазіргі уақытқа дейін 399 жәрмеңке өткізіліп, 15 мың тоннаға жуық өнім 2,9 млрд теңгеге сатылды.

 

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
«Әділет» партиясы
ПАРТИЯ ӨКІЛДЕРІ – БӨКЕЙ ОРДАДА
05 Қараша 2026
251 0
«Әділет» партиясы
Шыңғырлауда сайлауалды кездесу өтті
04 Қараша 2026
291 0
«Әділет» партиясы
КӨШПЕЛІ ШТАБ ЖҰМЫСЫ СЫРЫМ АУДАНЫНДА ЖАЛҒАСУДА
03 Қараша 2026
326 0
Өңір жаңалықтары
Бүгін – Республика күні
25 Қазан 2026
524 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»