8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
17 Қыркүйек 2026 42 0
Өңір жаңалықтары

«Elge qyzmet: жауапкершілік пен мүмкіндік» тақырыбында жастармен кездесу өтті

Жастар мәдениет сарайында «Elge qyzmet: жауапкершілік пен мүмкіндік» атты кездесу өтті. Іс-шара барысында мемлекеттік қызметтің мәні, кәсіби даму мүмкіндіктері және елге қызмет етудегі жауапкершілік мәселелері талқыланды.

Кездесуге облыс әкімі аппаратының басшысы Н.Ораз, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің басшысы М.Байсалов, облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары А.Темірханова және облыстық қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары Г.Шөкеева қатысты.

Облыс әкімі аппаратының басшысы Н.Ораз жастар алдында сөз сөйлеп, мемлекеттік қызметтегі жауапкершілік, кәсіби даму және елдің дамуына үлес қосу туралы ойымен бөлісті. Ол жастардың өз ісіне жауапкершілікпен қарап, білім мен кәсіби дағдыларын үнемі жетілдіруінің маңызын атап өтті.

Департамент басшысы М.Байсалов мемлекеттік қызметтің тек мансап құрумен шектелмейтінін, оның негізінде халықтың сенімін ақтау және азаматтардың игілігі үшін еңбек ету жатқанын атап өтті. Сонымен қатар мемлекеттік қызметшілер үшін кәсібилікпен қатар адалдық, әділдік және жауапкершіліктің маңызына тоқталды.

Кездесу барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, заң талаптарын сақтау және сыбайлас жемқорлық көріністеріне жол бермеу мәселелері де көтерілді. Жастардың бойында адалдық пен әділдік қағидаттарын қалыптастыру және қоғам алдындағы жауапкершілікті сезіну мәселесіне назар аударылды.

Іс-шара спикерлері жастармен мемлекеттік басқару, қызметтік жауапкершілік және ел дамуына үлес қосу мәселелері бойынша пікір алмасты.

Теректі ауданы Подстепное ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы, Бәйтерек ауданы Көшім ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы және №8 орта мектептің 11-сынып оқушысы мемлекеттік қызмет, кәсіби қалыптасу және азаматтармен жұмыс істеу ерекшеліктері туралы өз тәжірибелері мен ойларын ортаға салды.

Кездесуге мемлекеттік қызметке алғаш рет қабылданған жас мемлекеттік қызметшілер, жалпы орта білім беретін мектептердің көшбасшылары, колледждер мен жоғары оқу орындарының студенттері қатысты.

Ашық форматта өткен кездесу барысында жастар мемлекеттік қызмет туралы сұрақтарына жауап алып, спикерлермен пікір алмасты және өз ойларын ортаға салды.

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Қалалықтар қаперіне
Көлік қозғалысы уақытша шектеледі
16 Қыркүйек 2026
95 0
Өңір жаңалықтары
Жастарға – ерлік өнегесі
14 Қыркүйек 2026
147 0
Өңір жаңалықтары
Оралда 140 отбасы баспаналы болды
12 Қыркүйек 2026
336 0
Национальный ядерный центр Республики Казахстан
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
11 Қыркүйек 2026
324 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»