8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
14 Қыркүйек 2026 490 0
Без рубрики

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мәселелері талқыланды

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін алдын ала анықтап, оларды жою ұйым қызметіндегі маңызды бағыттардың бірі. Осы мәселелерді түсіндіру мақсатында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті Жауынгерлік өнер қауымдастығының облыстық балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің қызметкерлерімен кездесу өткізді.

Кездесуде сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамадағы соңғы өзгерістерге назар аударылып, мүдделер қақтығысын реттеудің жаңа тәсілдері түсіндірілді. Сондай-ақ байланысты тұлғалар шеңберінің кеңеюі және комплаенс-қызметтің тәуелсіздігіне қойылатын талаптар бойынша ақпарат берілді.

Іс-шараның негізгі тақырыптарының бірі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу болды. Қызметкерлерге талдауды ұйымдастыру тәртібі, тәуекелдерді анықтау, олардың себептерін зерделеу және анықталған кемшіліктерді жою бойынша шараларды белгілеу мәселелері түсіндірілді.

Талқылау барысында ұйым қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін дер кезінде анықтаудың және олардың алдын алудың маңыздылығы атап өтілді. Кездесу ашық пікір алмасу форматында өтіп, қызметкерлер өздерін қызықтырған сұрақтарына жауап алды.

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
«Әділет» партиясы
ПАРТИЯ ӨКІЛДЕРІ – БӨКЕЙ ОРДАДА
05 Қараша 2026
248 0
«Әділет» партиясы
Шыңғырлауда сайлауалды кездесу өтті
04 Қараша 2026
287 0
«Әділет» партиясы
КӨШПЕЛІ ШТАБ ЖҰМЫСЫ СЫРЫМ АУДАНЫНДА ЖАЛҒАСУДА
03 Қараша 2026
325 0
Өңір жаңалықтары
Бүгін – Республика күні
25 Қазан 2026
523 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»