8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
12 Қыркүйек 2026 559 0
Без рубрики

ОБЛЫС ӘКІМІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ӘБІЛҒАЗЫ ҚҰСАЙЫНОВПЕН КЕЗДЕСТІ

Облыс әкімі Нариман Төреғалиев «Ардагерлер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Әбілғазы Құсайыновпен кездесті. Тараптар өңірдегі ардагерлер ұйымының жұмысы, аға буынның қоғамдық-саяси өмірдегі рөлі, жастарға патриоттық тәрбие беру, ұрпақтар сабақтастығын нығайту және үкіметтік емес ұйымдардың өзара іс-қимылын дамыту мәселелерін талқылады.

Аймақ басшысы қариялардың ел бірлігін нығайту, ұлттық құндылықтарды дәріптеу және жас ұрпақты тәрбиелеудегі еңбегіне тоқталып, өмірден көргені көп, түйгені мол ардагерлердің тәжірибесі мен ақыл-парасаты қоғам үшін әрдайым маңызды екенін атап өтті.

Өз кезегінде Әбілғазы Құсайынов жылы қабылдау үшін ризашылығын білдіріп, өңірдегі ардагерлер ұйымдарының қызметі, алдағы жоспарлар және ардагерлер қозғалысын дамыту бағытындағы ұсыныстарымен бөлісті.

Кездесу соңында тараптар ардагерлер ұйымдары мен жергілікті атқарушы органдар арасындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайтып, бірлескен жұмысты жалғастыруға уағдаласты.

БҚО әкімінің баспасөз қызметі

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
«Әділет» партиясы
ПАРТИЯ ӨКІЛДЕРІ – БӨКЕЙ ОРДАДА
05 Қараша 2026
251 0
«Әділет» партиясы
Шыңғырлауда сайлауалды кездесу өтті
04 Қараша 2026
291 0
«Әділет» партиясы
КӨШПЕЛІ ШТАБ ЖҰМЫСЫ СЫРЫМ АУДАНЫНДА ЖАЛҒАСУДА
03 Қараша 2026
327 0
Өңір жаңалықтары
Бүгін – Республика күні
25 Қазан 2026
525 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»