8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
27 Тамыз 2026 86 0
Без рубрики

Мемлекеттік қызметке кірудің жаңа мүмкіндіктері: жастар үшін не өзгерді?

Мемлекеттік қызметке орналасу енді бұрынғыдан да цифрлық әрі ашық форматқа көшуде. 2026 жылғы 1 шілдеден бастап «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» жаңа Заң күшіне еніп, мемлекеттік қызметке іріктеу тәртібіне бірқатар өзгеріс енгізілді.
Жаңа заңның негізгі мақсаты – мемлекеттік аппаратты кәсібилендіру, мемлекеттік қызмет көрсетудің сервистік және азаматқа бағдарланған моделін дамыту, сондай-ақ HR-процестерді цифрландыру.


Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің Мемлекеттік қызмет басқармасының басшысы Венера Нұрахметқызының айтуынша, жаңа нормалардың ішінде мемлекеттік қызметке алғаш рет орналасқысы келетін жастар үшін маңызды өзгерістер бар.
«Енді мемлекеттік қызметке іріктеу процесі толықтай цифрлық форматқа көшірілуде. Конкурс «Е-қызмет» ықпалдастырылған ақпараттық жүйесі арқылы өткізіледі. Бұл кандидаттар үшін рәсімді жеңілдетіп қана қоймай, іріктеудің ашықтығы мен объективтілігін арттыруға мүмкіндік береді», – деп атап өтті В.Масимова.
Жаңа жүйеде кандидаттардың дербес деректері жасырылып, үздік бес үміткер автоматты түрде анықталады. Ал прокторинг технологиясы конкурстық рәсімдер кезінде адам факторының ықпалын барынша азайтуға мүмкіндік береді. Бұған қоса, әкімшілік мемлекеттік лауазым үш айдан астам уақыт бос тұрса, оған конкурс цифрлық кадр жүйесі арқылы автоматты түрде жариялануы тиіс.
Жастар үшін тағы бір маңызды мүмкіндік – жоғары оқу орнын енді ғана аяқтаған түлектердің конкурстан тыс мемлекеттік қызметке орналасу мүмкіндігінің кеңеюі.
Бұған дейін мұндай мүмкіндік мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша білім алған және жоғары академиялық көрсеткіш көрсеткен түлектерге берілсе, 2026 жылғы 1 шілдеден бастап бұл талап ақылы негізде білім алған түлектерге де қолданылатын болды. Негізгі шарт – GPA көрсеткішінің кемінде 3,33 болуы.
Мұндай түлектер оқуын аяқтағаннан кейін бір жыл ішінде аудандық және ауылдық деңгейдегі «Б» корпусының жекелеген бастапқы және басқарушылық емес әкімшілік мемлекеттік лауазымдарына конкурстан тыс қабылдана алады.
Бұл мүмкіндіктің өңірде нақты нәтижесі бар. 2026 жылдың басынан бері осы тәртіппен Батыс Қазақстан облысында 8 түлек мемлекеттік қызметке қабылданған. Ал жаңа заң күшіне енген 1 шілдеден кейін тағы 10 түлек мемлекеттік қызметке орналасты.
«Бұл – жастар үшін мемлекеттік қызметке алғашқы қадамды жеңілдететін нақты мүмкіндік. Жоғары академиялық көрсеткішке ие түлектер үшін аудандық және ауылдық деңгейдегі лауазымдарға конкурстан тыс орналасу тетігінің кеңеюі өңірлерді жас мамандармен толықтыруға ықпал етеді», – деді В.Масимова.
Жаңа заң тек мемлекеттік қызметке іріктеу тәртібін емес, мемлекеттік қызметшілердің жекелеген санаттарының мәртебесін де нақтылайды. Атап айтқанда, сайланбалы мемлекеттік қызметшілер мемлекеттік қызметшілердің жеке санатына жатқызылды. Олар үшін арнайы оқыту тәртібі белгіленіп, ротациядан, іссапарға жіберуден және тәлімгерліктен босату көзделген.
Осылайша, жаңа заңның негізгі жаңалықтары үш бағытта көрінеді: мемлекеттік қызметке іріктеу цифрланады, жастар үшін кіру мүмкіндіктері кеңейеді, ал мемлекеттік аппараттағы кадрлық процестер барынша ашық әрі жүйелі бола түседі.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің БҚО бойынша департаментінің Мемлекеттік басқару басқармасының басшысы В.Масимова

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Өңір жаңалықтары
ТАЗА СУ – АУЫЛҒА ЖЕТКЕН ИГІЛІК
28 Тамыз 2026
43 0
Өңір жаңалықтары
ЖАҢА МЕКТЕП – АУЫЛ БОЛАШАҒЫНА ЖАСАЛҒАН ҚАДАМ
28 Тамыз 2026
40 0
Қалалықтар қаперіне
Ашықтық пен адалдық – басты талап
27 Тамыз 2026
92 0
Қалалықтар қаперіне
БҚО-да жылыту маусымына дайындық 96%-ға жетті
27 Тамыз 2026
85 0
Без рубрики
Радиациялық жағдай тұрақты бақылауда
26 Тамыз 2026
113 0
Құрылтай-2026
Құрылтайға кімдер өтті?
26 Тамыз 2026
118 0
Национальный ядерный центр Республики Казахстан
Қазақстандағы төмен байытылған уран банкі: сақтау кезінде қандай технологиялар қолданылады?
25 Тамыз 2026
158 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»