Вьетнамдағы Қазақстан мәдениеті күндері аясында екі елдің өнер шеберлері қатысқан гала-концерт өтті
Вьетнамдағы Қазақстан мәдениеті күндері аясында Ханой қаласында екі елдің өнер шеберлері қатысқан гала-концерт өтті.
Ho Guom Opera театрында өткен іс-шарада Аида Балаева құттықтау сөз сөйледі. Үкімет басшысының орынбасары Қазақстан мен Вьетнамды сыйластыққа, достық пен сенімге негізделген берік қарым-қатынас байланыстыратынын атап өтті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Вьетнамға ресми сапары барысында берген тапсырмасына сәйкес, Алматы қаласындағы көшелердің біріне Вьетнамның көрнекті мемлекет және саяси қайраткері Хо Ши Миннің есімі берілді. Сонымен қатар Премьер-министрдің орынбасары ұлттық бірегейлікті нығайту мен рухани мұраны сақтауда мәдениеттің айрықша рөл атқаратынына тоқталды.
«Өйткені мәдениет – тек өткеннің мұрасы емес, бүгінгі қоғамның рухани тірегі және келешек ұрпаққа қалдыратын ең қымбат құндылығымыз. Қазақстан өнері Ұлы даланың терең тарихынан, халқымыздың салт-дәстүрі мен рухани болмысынан бастау алады. Қазақтың қоңыр күйі мен әсем әні, дәстүрлі өнері мен заманауи шығармашылығы арқылы вьетнамдық көрерменге еліміздің мәдени келбетін таныстыруды зор мәртебе санаймыз», – деді Аида Балаева.
Вьетнам Социалистік Республикасының вице-президенті Во Тхи Ань Суан Вьетнамның мәдениет саласындағы ынтымақтастыққа екі ел арасындағы стратегиялық серіктестікті одан әрі тереңдетуге ықпал ететін маңызды бағыттардың бірі ретінде зор мән беретінін атап өтті.
Гала-концертке Қазақстан мен Вьетнамның көрнекті өнер шеберлері қатысты. Бағдарламада қазақ күйлері мен халық әндері, сондай-ақ вьетнамдықтардың кеңінен танымал «Nguoi Ha Noi» және «Hà Nội mười hai mùa hoa» шығармалары орындалды. Қазақстандық және вьетнамдық өнерпаздар бірлесіп орындаған «Достық әуендері» композициясы мәдени диалогтың ерекше нышанына айналды. Бұл туындыда вьетнамның «Trống Cơm» халық әні мен Құрманғазының «Жима» және «Балбырауын» күйлерінің әуендері үйлесім тапты.
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Мемлекеттік қызметке кірудің жаңа мүмкіндіктері: жастар үшін не өзгерді?
Jastar X диалог алаңында Құрылтай сайлауындағы жастардың рөлі тақырыбында сарапшылар кездесуі өтті
Вьетнамдағы Қазақстан мәдениеті күндері аясында екі елдің өнер шеберлері қатысқан гала-концерт өтті
Квазимемлекеттік сектордағы комплаенс-бақылау мәселелері талқыланды
Қазақстан мұғалімдердің беделін нығайту көрсеткіші жөнінен екінші орында тұр
Мемлекет басшысы ұстаздар қауымын дәстүрлі Тамыз конференциясының ашылуымен құттықтады
Құрылтай сайлауы еліміздің қоғамдық-саяси өміріне үлкен өзгеріс әкелді – Президент
Президент тапсырмаларын жүзеге асыру: Қазақстан өңірлерінде жаңа өндірістер, инфрақұрылымдық және әлеуметтік нысандар ашылды
Президент «Бірінші шақырылымдағы Қазақстан Республикасы Құрылтайының бірінші сессиясын шақыру туралы» Жарлыққа қол қойды
Мемлекет басшысы АҚШ Конгресі Өкілдер палатасының делегациясын қабылдады
«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН»: ЖАСТАР ҮГІТ МАТЕРИАЛДАРЫН ЖИНАП, ҚАЛА ТАЗАЛЫҒЫНА ҮЛЕС ҚОСТЫ
Қазақстандағы төмен байытылған уран банкі: сақтау кезінде қандай технологиялар қолданылады?
Әлеуметтік күн тәртібі мен еркін үгіт-насихат: байқаушылар Қазақстандағы сайлау науқанының барысына өз бағасын берді
Мемлекет басшысы халықаралық пән олимпиадалары жеңімпаздарымен және жүлдегерлерімен кездесті
«Байтақ» партиясы халықтың таңдауына құрметпен қарайды» – Азаматхан Әміртаев
Миссия наблюдателей от СНГ представила итоговую оценку прошедших в Казахстане выборов депутатов Курултая
«ДАУЫС» қоғамдық байқаушылар коалициясы Құрылтай депутаттарын сайлауға жүргізілген мониторингтің алдын ала қорытындысын жариялады
ТМД миссиясы Құрылтай сайлауын әділ, бәсекеге толы әрі ашық өтті деп бағалады

Кіру








