Шекара сақшылары қызметке кірісті
18 тамызда елімізде Шекарашы күні аталып өтеді. Кәсіби мереке қарсаңында облыс әкімінің орынбасары Қалияр Айтмұхамбетов өңірде қызметтік жолын бастайтын жоғары әскери оқу орындарының түлектерімен кездесті.
Басқосу барысында аймақ басшысының орынбасары жас офицерлерді жаңа қызмет орындарымен құттықтап, жауапты міндеттеріне сәттілік тіледі.
– Батыс Қазақстан облысы – еліміздің батыс қақпасы. Бай шежірелі өлкеге қош келдіңіздер! Мемлекеттің тұтастығы мен халықтың тыныштығын қорғау – сіздер үшін қасиетті аманат. Шекара қызметкерлерінің еңбегі ерлік пен төзімділікті қажет етеді. Маңызды міндетті мінсіз атқарып, еліміздің берік қалқаны болғайсыздар – деді Қалияр Айтмұхамбетов.
Кездесу барысында Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің бастығы Мұхтар Қанабеков жас офицерлерді таныстырды. Оның айтуынша, әскери қызметшілердің кәсіби міндеттерін орындауымен қатар, мәдени-спорттық және тарихи-танымдық шараларға қатысып, өз білім-білігін жетілдіруіне де қажетті жағдай жасалған.
Өз кезегінде шекарашылар Расул Тәпішев пен Мансұр Қадырәлиев ел алдындағы жауапкершілікті терең сезінетіндерін атап өтті. Олар Отанға адал қызмет ету – әр азаматтың перзенттік парызы әрі азаматтық борышы екенін айтып, өздеріне жүктелген міндетті абыроймен атқаруға дайын екендерін жеткізді.
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
«Тиімді басқару, сабақтастық және «Адал азамат» құндылықтары»: облыс педагогтерінің тамыз кеңесінде өзекті мәселелер талқыланды
Атом реакторларының қауіпсіздігі қалай тексеріледі? Ұлттық ядролық орталық өкілімен сұхбат
Қасым-Жомарт Тоқаев Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіровті қабылдады
МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ НАРИМАН ТӨРЕҒАЛИЕВТІ ҚАБЫЛДАДЫ
Мемлекеттік қызметшілерге «Мемлекеттік қызметшінің құндылық мінез-құлқы: «Адал азамат» моделі» тақырыбында семинар өтті
Құрылтай сайлауы жақындады: партиялар өңірлердегі жұмысын күшейтіп, пікірсайысқа шықты
Саяси партиялардың төрағалары 19 тамызда қорытынды теледебатқа қатысады – ОСК
На Jibek Joly завершились командные теледебаты: опубликованы итоги онлайн-голосования
Институт ядерной физики — научно-технологическая опора атомной энергетики Казахстана
Партиялар жалақы, өндіріс және инфрақұрылым мәселелерін талқылады, ал «Ақ жол» Respublica сынына жауап берді
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бір топ қоғам қайраткерін мемлекеттік наградалармен марапаттады
Развитие ядерно-топливного цикла в Казахстане: от сырья к высокотехнологичной продукции
От скорости решений к новым инвестициям: Кристиан Гроссе о преимуществах Курултая
Абайды ұлықтау, экология және отандық өндіріс: партиялар 10 тамызда сайлаушыларға не ұсынды
Эксперт из Алжира назвал выборы депутатов Курултая важным этапом развития Казахстана

Кіру

