Жеңілдетілген несиеге жол ашылды
Батыс Қазақстан облысында мал шаруашылығын дамытуға бағытталған «Игілік» және «Береке» бағдарламалары бойынша өтінім қабылдау жалғасуда. Осыған орай облыс әкімінің орынбасары Қалияр Айтмұхамбетовтің жетекшілігімен аталған жобалардың жүзеге асырылу барысы талқыланған жиын өтті. Басқосуға жауапты мекемелердің басшылары мен ауыл шаруашылығы саласының өкілдері қатысты.
Аталған бағдарламалар елімізде 2026-2030 жылдарға арналған мал шаруашылығын дамыту жөніндегі кешенді жоспар негізінде жүзеге асырылып отыр. Негізгі мақсат – шаруашылықтарға асыл тұқымды мал сатып алуға қолдау көрсету. «Игілік» бағдарламасы арқылы 500 басқа дейін ірі қара және 1 мың басқа дейін ұсақ мал алуға мүмкіндік қарастырылған. Ал «Береке» жобасы белгіленген межеден жоғары көлемде мал сатып алуды көздейді.
Бағдарламаларды қаржыландыру үшін «AQJAIYQ» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясына шамамен 3,5 млрд теңге бағытталған. Жиында бөлінген қаражатты тиімді пайдалану мәселесімен қатар, шаруаларды сапалы асыл тұқымды малмен қамту жайы да сөз болды.
Кездесу барысында шетелден мал әкелуге қатысты ветеринариялық талаптар, қажетті рұқсат құжаттарын рәсімдеу, тасымалдау бағыттары және Ресей Федерациясының мал импорттауға рұқсат берілген аймақтары жөнінде түсініктеме берілді. Шетелдік асыл тұқымды мал жеткізуші оператор Патрик Пёрселл малды тасымалдау шығындары мен логистикалық үдерісті ұйымдастыру жөнінде ақпарат ұсынды.
Жиын соңында бағдарламаларға қатысуға ниетті шаруалардың өтінімдерін уақытылы әрі сапалы қарау, қаржыландыру үдерісін жеделдету, кепілдік құралдарын тиімді қолдану және асыл тұқымды малды шетелден жеткізу жұмыстарын жүйелеу жөнінде бірқатар міндет жүктелді.
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Откуда казахстанцы узнают о партиях и кандидатах на выборах в Курултай — результаты опроса
Свыше 1900 ИИ-фильмов из более чем 90 стран поступило на Astana AI Film Festival
ӨЗ САЙЛАУ УЧАСКЕҢІЗДІ ҚАЛАЙ ОҢАЙ ТАБУҒА БОЛАДЫ? ОНЛАЙН-СЕРВИС ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ
БҚО-да жол қозғалысы ережесін сақтамаған жүргізуші жауапқа тартылды
160 мың мұғалімге ChatGPT Edu: теледебаттың басты тақырыбы – білім мен жасанды интеллект
Әдеп жөніндегі кеңесте білім беру саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдері қаралды
Экология, өндіріс және медицина: партиялардың сайлау науқанында көтерген басты тақырыбы қандай?
Теректі ауданында «Адал еңбек – адал табыс» атты экологиялық акция өтті
Шыңғырлау ауданында мемлекеттік қызметшілер арасында тимбилдинг іс-шарасы өтті
Шағырлой ауылында «Әділдік пен адалдық – өмірлік ұстаным» атты таным сағаты өтті

Кіру
