8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
07 Тамыз 2026 328 0
Заң және тәртіп

БҚО-да жол қозғалысы ережесін сақтамаған жүргізуші жауапқа тартылды

БҚО-да кәмелетке толмаған жолаушының қауіпсіздігіне қауіп төндірген жүргізуші жауапкершілікке тартылды, — деп хабарлайды Polisia.kz.

Орал қаласындағы айналма жолда Kia Optima автокөлігінің жүргізушісі көлік қозғалысы кезінде кәмелетке толмаған жолаушының автокөліктің люгінен денесін шығаруына жол берген. Аталған құқық бұзушылық полиция департаментінің едел басқару орталығының бейнебақылау камералары арқылы тіркелді. Бейнематериал негізінде жүргізушінің жеке басы анықталып, оған жол қозғалысы қағидаларында көзделген жолаушыларды тасымалдау және қауіпсіздік белдіктерін пайдалану талаптарын сақтамағаны үшін әкімшілік жауапкершілік шарасы қолданылды. Полиция жүргізушілер мен ата-аналарды балалардың жолдағы қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарауға шақырады. Көлік қозғалысы кезінде люктен немесе терезеден денені шығару өмірге аса қауіпті. Кенет тежелу, жол-көлік оқиғасы немесе кез келген күтпеген жағдай ауыр зардаптарға әкелуі мүмкін. Полицейлер әрбір жүргізуші көліктегі барлық жолаушының, әсіресе балалардың қауіпсіздігіне тікелей жауапты екенін еске салады. Балалардың қауіпсіздік белдігін таққанын қадағалап, олардың көлік ішінде қауіпсіздік талаптарын сақтауын қамтамасыз ету – заң талабы ғана емес, адам өмірі мен денсаулығын сақтауға деген жауапкершілік.

Ақпарат көзі Polisia.kz сайтында: https://polisia.kz/bqo-da-zhol-qozghalysy-erezhesin-saqtamaghan-zhurgizushi-zhauapqa-tartyldy/

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
«Әділет» партиясы
ПАРТИЯ ӨКІЛДЕРІ – БӨКЕЙ ОРДАДА
05 Қараша 2026
250 0
«Әділет» партиясы
Шыңғырлауда сайлауалды кездесу өтті
04 Қараша 2026
290 0
«Әділет» партиясы
КӨШПЕЛІ ШТАБ ЖҰМЫСЫ СЫРЫМ АУДАНЫНДА ЖАЛҒАСУДА
03 Қараша 2026
326 0
Өңір жаңалықтары
Бүгін – Республика күні
25 Қазан 2026
524 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»