8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
07 Тамыз 2026 583 0
Қалалықтар қаперіне

Қаладағы құрылыс нысандары тұрақты бақылауда

Орал қаласында салынып жатқан құрылыс нысандары мен кәсіпкерлік объектілерінде белгіленген талаптардың орындалуын бақылау мақсатында кезекті рейд ұйымдастырылды. Іс-шараға қала әкімінің орынбасары Жандос Дүйсенғалиев, жауапты бөлімдердің өкілдері және полиция қызметкерлері қатысты.

Тексеру барысында құрылыс алаңдарының жалпы жай-күйіне ерекше назар аударылды. Атап айтқанда, аумақтың тазалығы, құрылыс қалдықтарын дер кезінде шығару, абаттандыру талаптарын сақтау, жаяу жүргіншілер жолдарының бүлінбеуін қамтамасыз ету, ауыр жүк көліктерінің жолға лай шығармауы және нысандардағы қауіпсіздік талаптарының орындалуы зерделенді.

Рейд қорытындысында анықталған кемшіліктер бойынша құрылыс жүргізушілер мен кәсіпкерлік субъектілеріне оларды қысқа мерзімде жою жөнінде міндеттер жүктелді. Сондай-ақ жауапты тұлғаларға қолданыстағы заңнама талаптарын сақтау қажеттігі түсіндіріліп, талаптар орындалмаған жағдайда әкімшілік ықпал ету шаралары қолданылатыны ескертілді.

Қала аумағында құрылыс мәдениетін қалыптастыру, санитарлық тазалықты сақтау және абаттандыру қағидаларының орындалуын бақылау бағытындағы мұндай тексерулер алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғасын табады.

Версия для печати

Соңғы жаңалықтар
«Әділет» партиясы
ПАРТИЯ ӨКІЛДЕРІ – БӨКЕЙ ОРДАДА
05 Қараша 2026
250 0
«Әділет» партиясы
Шыңғырлауда сайлауалды кездесу өтті
04 Қараша 2026
290 0
«Әділет» партиясы
КӨШПЕЛІ ШТАБ ЖҰМЫСЫ СЫРЫМ АУДАНЫНДА ЖАЛҒАСУДА
03 Қараша 2026
326 0
Өңір жаңалықтары
Бүгін – Республика күні
25 Қазан 2026
524 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»