Бітімге бастайтын бейбіт диалог
5 тамыз – Медиация күні. 4-5 тамыз күндері шаһардағы Достық үйінде Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің қоғамдық даму басқармасының «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесі ұйымдастырған «Медиация институтын дамыту» тақырыбында семинар-тренинг өтті.

Екі күнге созылған жиынға мемлекеттік және құқық қорғау органдарының өкілдері, азаматтық қоғам институттарының мүшелері, Өңірлік медиация кеңесінің өкілдері, қоғамдық құрылымдар, кәсіби және қоғамдық медиаторлар қатысты. Семинардың басты ерекшелігі – қатысушылардың тек дәріс тыңдап қана қоймай, пікір алмасып, нақты жағдайларды талдап, тәжірибелерімен бөлісуіне мүмкіндік берілгенінде. Жиын интерактивті диалог алаңдары, ашық пікірталас, медиация негіздерін меңгеру, тәжірибе алмасу және кейстерді талқылау форматында ұйымдастырылды.
Жаһандық және өңірлік тәжірибе талқыланды
Семинардың ашылуында «Қоғамдық келісім» КММ басшысы Нұрғали Жолдасқалиев сөз сөйлеп, жиынның маңызына тоқталды. Өз сөзінде кейбір жағдайда тараптарға өзара түсіністікке келуге мүмкіндік беретін бейтарап тұлғаның көмегі жеткілікті екенін айтты.
Семинардың алғашқы күнінде Республикалық этномедиация кеңесінің мүшесі, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Ақмола облысы бойынша филиалының директоры, медиатор-тренер Әсет Абжақовтың қатысуымен маңызды тақырыптар талқыланды. Сарапшы мемлекеттік этносаясатты іске асырудың жаһандық және өңірлік тәжірибесіне тоқталды. Бұл ретте әртүрлі этностар мен әлеуметтік топтардың өзара қарым-қатынасын үйлестіру, қоғамдық тұрақтылықты сақтау және ықтимал шиеленістердің алдын алу мәселелеріне назар аударылды.
Семинар барысында Қазақстандағы этносаралық ахуалдың 2025 жылғы мониторингі бойынша өзекті деректер де қарастырылды. Әсіресе, демографиялық үрдістерді талдау арқылы қоғамдағы өзгерістерді бағалау мәселесіне мән берілді.
Жиынның түстен кейінгі бөлімінде Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Жиынтық-талдау бөлімінің меңгерушісі Дастан Көшербаев қазіргі қоғамдағы көшбасшылық мәселелерін қозғады. Сарапшы азаматтық сектордағы көшбасшылықтың ерекшеліктеріне тоқталып, этносаралық қарым-қатынастағы коммуникацияның маңызын атап өтті.

Дағдарыс кезінде сөздің салмағы артады
Екінші күнгі сабақтар теориялық ақпаратпен шектелмей, нақты жағдайларды талдау, пікір алмасу және практикалық тапсырмалар арқылы жалғасты. Семинар барысында Әсет Талғатбекұлы қақтығыстардың даму және өршу кезеңдеріне тоқталды. Жанжалдың бір күнде пайда болмайтыны белгілі. Көп жағдайда оның алдында әлеуметтік наразылық, түсініспеушілік, ақпараттың дұрыс жеткізілмеуі немесе тараптардың бір-бірін тыңдамауы секілді факторлар жинақталады.
Түстен кейінгі бөлімде Дастан Бақытбекұлы қоғаммен коммуникация орнату және репутация мәселелерін қозғады. Қазіргі ақпараттық кеңістікте кез келген ұйымның немесе қоғамдық құрылымның беделі оның нақты қызметімен қатар, қоғаммен қалай сөйлесетініне де байланысты екенін сөз етті. Семинар-тренингтің практикалық бөлігі қатысушылардың білімін нақты жағдайлар арқылы бекітуге бағытталды.
Екі күнге созылған семинар-тренинг барысында медиация институтының қазіргі қоғамдағы рөлі жан-жақты қарастырылды.
Дәметкен САҒЫНБАЕВА
Толығырақ газетіміздің №32 санынан оқи аласыздар.
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
ОТАНДЫҚ ӨНДІРІСТІ ДАМЫТУ – ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСІМНІҢ МАҢЫЗДЫ КЕПІЛІ
ТАСҚАЛА АУДАНЫНДА «ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫНЫҢ ӨКІЛДЕРІ ТҰРҒЫНДАРМЕН КЕЗДЕСТІ
ӨНДІРІСТЕН РУХАНИЯТҚА ДЕЙІН: ӘДІЛЕТ ПАРТИЯСЫ ӨКІЛДЕРІ ЖАҢАҚАЛАЛЫҚТАРМЕН ЖҮЗДЕСТІ
«ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫНЫҢ САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ КАЗТАЛОВ ЖҰРТШЫЛЫҒЫМЕН ТАЛҚЫЛАНДЫ
«ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫНЫҢ КӨШПЕЛІ ШТАБЫ ЖӘНІБЕК ЖҰРТШЫЛЫҒЫМЕН КЕЗДЕСТІ
Тұрақты даму – тиімді мемлекеттік басқару мен ортақ жауапкершіліктің нәтижесі
Бөрлі ауылында «Әділет» партиясының облыстық штаб мүшелері тұрғындармен кездесті
Жаңа Қазақстан Конституциясы – Әділетті қоғамның құқықтық негізі
«Жаңа талап» мемлекеттік қызмет мектебінің жаңа оқу жылы басталды
КАЗТАЛОВ АУДАНЫНДА 2 МЛРД ТЕҢГЕНІҢ 26 ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАСЫ БОЙЫНША МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ
Конституцияның 6-бабы: саяси әралуандық пен қоғамдық тұрақтылықтың құқықтық негізі
АВТОМОБИЛЬ КӨЛІГІ ЖӘНЕ АВТОЖОЛ САЛАСЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ҚҰРМЕТКЕ БӨЛЕНДІ
Болашақтың экономикасына байыппен көшуге құқықтық негіз болатын жаңа Азаматтық кодекс қабылдау қажет»
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауы
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 28 қазан күні Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды
Президент шет мемлекеттер басшыларының Ұлттық мерекемізге орай жолдаған құттықтауларына ризашылығын білдірді
ОРАЛДА РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ ОРАЙ МЕМЛЕКЕТТІК ТУ КӨТЕРУ РӘСІМІ ӨТТІ
Облыс әкімі Нариман Төреғалиевтің Республика күнімен құттықтауы
Жедел медициналық көмек станциясының жаңа әкімшілік ғимараты салынуда

Кіру