8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
06 Тамыз 2026 597 0
Қалалықтар қаперіне

Абаттандыру жобаларының сапасы мен мерзімі бақылауда

Орал қаласы әкімінің орынбасары Жандос Дүйсенғалиев жұмыс сапары аясында қаладағы бірқатар абаттандыру нысандарын аралап, атқарылып жатқан жұмыстардың сапасы мен қарқынын бағалады.

Алдымен Назарбаев даңғылы бойындағы облыстық филармония ғимаратының алдындағы жаяу жүргіншілер жолын жөндеу жұмыстары қаралды. Бұл жоба Назарбаев даңғылының Сарайшық көшесінен Досмұхамедов көшесіне дейінгі бөлігін ағымдағы жөндеу барысында үнемделген қаражат есебінен жүзеге асырылып жатыр.

Бұдан кейін жұмыс тобы Деркөл кентіне барып, өзен жағалауындағы сквер мен орталық саябақта жүргізіліп жатқан абаттандыру жұмыстарымен танысты. Аталған нысандар тұрғындардың ұсыныстары негізінде жүзеге асырылып жатқан «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясында жаңартылуда.

Сонымен қатар Төленин көшесі, 52-мекенжайда «СВС Батыс» ЖШС, сондай-ақ Солтүстік-Шығыс шағынауданы, 37-мекенжайда «УЕС» ЖШС демеушілігімен іске асырылып жатқан абаттандыру жобаларының орындалу барысы да назарға алынды.

Жұмыс сапарының қорытындысында мердігер ұйымдарға барлық жұмыстарды сапалы орындап, нысандарды белгіленген мерзімде аяқтау, сондай-ақ абаттандыру кезінде құрылыс талаптары мен бекітілген стандарттарды қатаң сақтау жөнінде тапсырмалар берілді.

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
«Әділет» партиясы
ПАРТИЯ ӨКІЛДЕРІ – БӨКЕЙ ОРДАДА
05 Қараша 2026
248 0
«Әділет» партиясы
Шыңғырлауда сайлауалды кездесу өтті
04 Қараша 2026
287 0
«Әділет» партиясы
КӨШПЕЛІ ШТАБ ЖҰМЫСЫ СЫРЫМ АУДАНЫНДА ЖАЛҒАСУДА
03 Қараша 2026
324 0
Өңір жаңалықтары
Бүгін – Республика күні
25 Қазан 2026
523 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»