«Мектепке жол» акциясы аясында әлеуметтік қолдау жалғасады
Батыс Қазақстан облысының өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте жаңа оқу жылы қарсаңында ұйымдастырылатын «Мектепке жол» республикалық қайырымдылық акциясының барысы сөз болды. Жиында облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Саягүл Галиева акцияның негізгі бағыттары мен көмек көрсету тетіктеріне тоқталды.
Білім басқармасының мәліметінше, қайырымдылық шарасы 1 тамыз бен 30 қыркүйек аралығында өтеді. Дәстүрлі акцияның басты мақсаты – әлеуметтік жағынан осал санаттағы отбасылардың балаларына қолдау көрсетіп, оларды мектепке қажетті киім-кешекпен және оқу құралдарымен қамтамасыз ету.
Брифинг барысында мемлекеттік қолдау алу тәртібі де түсіндірілді. Қаржылай көмекке үміткер ата-аналар алдымен баласы оқитын білім беру ұйымының директорына өтініш беруі қажет. Құжаттары талапқа сай келген азаматтар екінші деңгейлі банктерде арнайы шот ашып, бөлінген қаражат сол есепшотқа аударылады.
Сонымен қатар акция тек мемлекеттік қолдаумен шектелмейтіні айтылды. Балаларды мектепке даярлау жұмысына кәсіпкерлер, мемлекеттік мекемелер, үкіметтік емес ұйымдар мен қайырымдылық жасаушылар да атсалысып, көмекке мұқтаж отбасыларға қолдау көрсетеді.
Сөз соңында Саягүл Мәулетқызы жаңа оқу жылы қарсаңында ешбір баланың назардан тыс қалмауы маңызды екенін атап өтті. Осыған байланысты облыс тұрғындарын, бизнес өкілдерін, мекеме басшыларын және жанашыр азаматтарды «Мектепке жол» республикалық қайырымдылық акциясына белсенді қатысуға шақырды.
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Президенттің Жарлығы жарияланды – Қазақстан Халық Кеңесіне еліміздің 126 азаматы кірді
Елге қызмет еткен тұлғаға құрмет: Мұстақым Ықсановтың 100 жылдығы аталып өтті
Оралда ер адам банкоматтың купюра салатын ұяшығындағы өзгенің ақшасын алып кеткен
Оралда Дүниежүзілік тазалық күніне орай жалпықалалық сенбілік өтті
«Elge qyzmet: жауапкершілік пен мүмкіндік» тақырыбында жастармен кездесу өтті
Мемлекеттік қызметтер: жүйелі мәселелерді шешу және сапаны арттыру
Еліміздің батысында көпсатылы командалық-штабтық оқу-жаттығу басталды
2028 жылғы шілдеге дейін еліміздегі 2,6 мыңнан астам шағын жинақты ауыл мектебі жасанды интеллект енгізу жобасымен қамтылады
Спорт саласында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу мәселелері талқыланды
Оралда Қорғаныс министрлігінің патриоттық акциясына 2 мыңға жуық адам қатысты
79,3% казахстанцев характеризуют обстановку в стране как благополучную или стабильную
Мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс мәселелері түсіндірілді
Денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мәселелері талқыланды
«ЖАЙЫҚ ЖҮЙРІГІ – 2026»: Жүйріктер додасының жеңімпаздары анықталды
Оралда алғаш рет «JAIYQ SAZY» халықаралық этнофестивалі өтті
Оралда қала күніне орай І халықаралық «JAIYQ SAZY» этнофестивалі өтті

Кіру