Алматыда шахматтан екі халықаралық турнир басталды
Алматыда шахматтан екі бірдей ірі халықаралық жарыс жалауын көтерді: FIDE World University Team Chess Championship финалы және Қазақстан мен әлемнің жасөспірімдер құрамалары арасындағы матч.
Оңтүстік астанада 4–9 тамыз аралығында әлемнің 16 университетінің, соның ішінде Оксфорд, Кембридж және Гарвард командалары өнер көрсетеді. Қазақстан намысын Қазақ ұлттық спорт университеті, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ және Almaty Management University қорғайды, деп хабарлайды Қазақстан шахмат федерациясының баспасөз қызметі.
«Бүгін Қазақстан әлемнің жетекші оқу орындарының атынан келген ең үздік жас шахматшылар тоғысатын орталыққа айналып отыр. Бұл чемпионат тек медаль үшін жарыс емес, сонымен бірге пікір алысу, білім алмасу, университеттер арасындағы байланысты нығайту және мемлекеттер арасында ұзақ мерзімді серіктестік қалыптастыру алаңына айналды», – деді ҚР Премьер-Министрінің орынбасары, Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева.
ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек шахматтың маңызды білім беру құралы екенін, ал Қазақстанда педагогикалық кадрларды даярлауда нақты нәтижелер бар екенін атап өтті: бес педагогикалық жоғары оқу орнының 200-ден астам студенті «Шахмат педагогы» Minor бағдарламасы бойынша білім алса, 31 жоғары оқу орнында шахмат білімі пәндерін қамтитын бағдарламалар жүзеге асырылуда. Оның айтуынша, келесі маңызды кезең QyzPU негізінде KazChessLab оқу-әдістемелік зертханасының ашылуы болды.
«Шахмат – бұл жай ғана интеллектуалды ойын емес, ол сыни ойлауды, дербестікті, жауапкершілік пен стратегиялық жоспарлау қабілетін дамытатын тиімді білім беру құралы. Сондықтан біз үшін шахмат білімін оқу үдерісіне кәсіби түрде кірістіре алатын педагогтарды даярлау өте маңызды. Бұл – педагогикалық білім сапасын арттыруға ғана емес, сонымен бірге еліміздің адам капиталы мен интеллектуалдық әлеуетін дамытуға қосылған үлес», – деді министр.
Алматы қаласы әкімінің орынбасары Нұрлан Әбдірахим Алматының 236 мыңнан астам студенті бар студенттер қаласы екенін, сондықтан әлемнің әртүрлі елдерінен келген жастардың басын қосатын чемпионаттың дәл осы шаһарда өтуінің символдық мәні бар екенін атап өтті.
Жарысты Халықаралық шахмат федерациясы (FIDE), ҚР Туризм және спорт министрлігі, ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі, Қазақстан шахмат федерациясы және Алматы қаласының әкімдігі ұйымдастырып отыр. Бас серіктестер: Freedom компаниялар тобы мен «Шапағат» корпоративтік қоры.
Ресми серіктестер: әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Almaty Tourism Bureau мен Visit Almaty, Herbalife компаниясы, Lichess.org онлайн-платформасы, «Zigi-Zagi» сусындар бренді, Qutty Band смарт-сағаттар бренді.
Жарыстың ақпараттық серіктестері: «Евразия» бірінші арнасы, Qazsport, «Хабар» агенттігі, 24.kz, Jibek Joly, Silk Way, 7tv, «Астана» телеарнасы, «МИР» ТРК, Sport+, «Курсив», «ҚазАқпарат», Tengrinews, TengriSport, Vesti.kz, Amanat media group, NewTimes, Bes.media, Aikyn.kz, Liter.kz, DK News, Ult.kz, Sportinform.kz, Azattyq Ruhy, Turkystan.kz, Жұлдыз FM, NS Радиосы, Orda.fm, Toppress, Today Info, Chessно говоря, Chess Base.
Соңғы жаңалықтар
ОТАНДЫҚ ӨНДІРІСТІ ДАМЫТУ – ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСІМНІҢ МАҢЫЗДЫ КЕПІЛІ
ТАСҚАЛА АУДАНЫНДА «ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫНЫҢ ӨКІЛДЕРІ ТҰРҒЫНДАРМЕН КЕЗДЕСТІ
ӨНДІРІСТЕН РУХАНИЯТҚА ДЕЙІН: ӘДІЛЕТ ПАРТИЯСЫ ӨКІЛДЕРІ ЖАҢАҚАЛАЛЫҚТАРМЕН ЖҮЗДЕСТІ
«ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫНЫҢ САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ КАЗТАЛОВ ЖҰРТШЫЛЫҒЫМЕН ТАЛҚЫЛАНДЫ
«ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫНЫҢ КӨШПЕЛІ ШТАБЫ ЖӘНІБЕК ЖҰРТШЫЛЫҒЫМЕН КЕЗДЕСТІ
Тұрақты даму – тиімді мемлекеттік басқару мен ортақ жауапкершіліктің нәтижесі
Бөрлі ауылында «Әділет» партиясының облыстық штаб мүшелері тұрғындармен кездесті
Жаңа Қазақстан Конституциясы – Әділетті қоғамның құқықтық негізі
«Жаңа талап» мемлекеттік қызмет мектебінің жаңа оқу жылы басталды
КАЗТАЛОВ АУДАНЫНДА 2 МЛРД ТЕҢГЕНІҢ 26 ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАСЫ БОЙЫНША МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ
Конституцияның 6-бабы: саяси әралуандық пен қоғамдық тұрақтылықтың құқықтық негізі
АВТОМОБИЛЬ КӨЛІГІ ЖӘНЕ АВТОЖОЛ САЛАСЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ҚҰРМЕТКЕ БӨЛЕНДІ
Болашақтың экономикасына байыппен көшуге құқықтық негіз болатын жаңа Азаматтық кодекс қабылдау қажет»
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауы
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 28 қазан күні Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды
Президент шет мемлекеттер басшыларының Ұлттық мерекемізге орай жолдаған құттықтауларына ризашылығын білдірді
ОРАЛДА РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ ОРАЙ МЕМЛЕКЕТТІК ТУ КӨТЕРУ РӘСІМІ ӨТТІ
Облыс әкімі Нариман Төреғалиевтің Республика күнімен құттықтауы
Жедел медициналық көмек станциясының жаңа әкімшілік ғимараты салынуда

Кіру