Елімізде жаз басталғалы бері қайта жаңғыртудан өткен 70 теміржол вокзалы ашылды
Қазақстанда жаз басынан бері ауқымды қайта жаңғырту жұмыстарынан кейін 70 теміржол вокзалы пайдалануға берілді, оның ішінде 40 нысан шілде айында ашылды. Нысандарды қайта жаңғырту Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша еліміздегі 124 теміржол вокзалын реконструкциялау және жаңғырту бағдарламасы аясында жүзеге асырылуда.

Қайта жаңғырту аясында ірі өңірлік вокзалдармен қатар шағын станциялар да жаңартылды. Ең ауқымды жұмыстар Ақмола облысында атқарылды, мұнда 12 вокзалда жөндеу жүргізілді. Қарағанды облысында 11 нысан жаңартылды, оның ішінде жолаушылар платформалары мен Қарағанды – Сортировочная станциясының инфрақұрылымы бар. Сонымен қатар жұмыстар Атырау, Ақтөбе, Қызылорда, Алматы, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан, Павлодар, Қостанай, Маңғыстау, Түркістан, Жамбыл облыстарында, Жетісу және Ұлытау облыстарында жүргізілді.
Қайта жаңғырту барысында нысандардың техникалық жағдайына қарай күрделі жөндеу жұмыстары немесе жаңа жолаушылар кешендері салынды. Бірқатар станцияларда ескі ғимараттар бұзылып, олардың орнына жаңа вокзалдар бой көтерді. Басқа нысандарда вокзалдардың аумағы кеңейтіліп, көтергіш конструкциялар күшейтілді, конкорстар салынды, сондай-ақ жолаушылар платформалары мен аялдау павильондары қайта жаңғыртылды.
Барлық нысандарда шатыр мен қасбеттер жаңартылып, кәріз, су, жылу, электрмен жабдықтау және байланыс жүйелері ауыстырылды. Ғимараттардың ішкі әрлеу жұмыстары жүргізіліп, іргелес аумақтар абаттандырылды. Вокзал ғимараттарына заманауи жиһаздар, навигациялық жүйелер, желдету және кондиционерлеу жүйелері, бейнебақылау камералары, өрт және күзет дабылдары, қолжетімділікті бақылау жүйелері, интроскоптар мен металл іздегіштер орнатылды.
Ерекше назар кедергісіз орта қалыптастыруға аударылды. Вокзалдар пандустармен, лифттермен және көтергіш құрылғылармен, тактильді навигациямен, қызметкерлерді шақыру желілерімен, санитарлық бөлмелермен және ақпараттық көрсеткіштермен жабдықталды.
Сонымен қатар, бірқатар нысандардың аумағы едәуір кеңейтілді. Атап айтқанда, Орал станциясы вокзалының аумағы 5 778 шаршы метрден 6 346 шаршы метрге дейін, Шетпе станциясында 201 шаршы метрден 1 090 шаршы метрге дейін, Шалқар станциясында 472,8 шаршы метрден 833,6 шаршы метрге дейін, Қазыбек бек станциясында 82,3 шаршы метрден 236,7 шаршы метрге дейін, ал Жетісу станциясында 135,7 шаршы метрден 258,3 шаршы метрге дейін ұлғайтылды. Ақшы станциясында жаңа заманауи аялдау павильоны салынса, Теміртау станциясында жолаушылар платформасы қайта жаңғыртылды.
Жаңартылған вокзалдар күн сайын ондаған мың жолаушыға қызмет көрсетіп, Қазақстанның барлық өңірлері арасындағы, сондай-ақ Ресей Федерациясы, Өзбекстан, Қырғызстан және Тәжікстанмен теміржол қатынасын қамтамасыз етеді.
Айта кету керек, жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде теміржол вокзалдары барлық санаттағы жолаушылар үшін неғұрлым жайлы және қолжетімді бола түсті. Бұл көлік қызметтерінің сапасын арттыруға және жолаушылар тасымалын дамытуға ықпал етеді.
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
ОТАНДЫҚ ӨНДІРІСТІ ДАМЫТУ – ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСІМНІҢ МАҢЫЗДЫ КЕПІЛІ
ТАСҚАЛА АУДАНЫНДА «ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫНЫҢ ӨКІЛДЕРІ ТҰРҒЫНДАРМЕН КЕЗДЕСТІ
ӨНДІРІСТЕН РУХАНИЯТҚА ДЕЙІН: ӘДІЛЕТ ПАРТИЯСЫ ӨКІЛДЕРІ ЖАҢАҚАЛАЛЫҚТАРМЕН ЖҮЗДЕСТІ
«ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫНЫҢ САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ КАЗТАЛОВ ЖҰРТШЫЛЫҒЫМЕН ТАЛҚЫЛАНДЫ
«ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫНЫҢ КӨШПЕЛІ ШТАБЫ ЖӘНІБЕК ЖҰРТШЫЛЫҒЫМЕН КЕЗДЕСТІ
Тұрақты даму – тиімді мемлекеттік басқару мен ортақ жауапкершіліктің нәтижесі
Бөрлі ауылында «Әділет» партиясының облыстық штаб мүшелері тұрғындармен кездесті
Жаңа Қазақстан Конституциясы – Әділетті қоғамның құқықтық негізі
«Жаңа талап» мемлекеттік қызмет мектебінің жаңа оқу жылы басталды
КАЗТАЛОВ АУДАНЫНДА 2 МЛРД ТЕҢГЕНІҢ 26 ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАСЫ БОЙЫНША МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ
Конституцияның 6-бабы: саяси әралуандық пен қоғамдық тұрақтылықтың құқықтық негізі
АВТОМОБИЛЬ КӨЛІГІ ЖӘНЕ АВТОЖОЛ САЛАСЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ҚҰРМЕТКЕ БӨЛЕНДІ
Болашақтың экономикасына байыппен көшуге құқықтық негіз болатын жаңа Азаматтық кодекс қабылдау қажет»
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауы
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 28 қазан күні Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды
Президент шет мемлекеттер басшыларының Ұлттық мерекемізге орай жолдаған құттықтауларына ризашылығын білдірді
ОРАЛДА РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ ОРАЙ МЕМЛЕКЕТТІК ТУ КӨТЕРУ РӘСІМІ ӨТТІ
Облыс әкімі Нариман Төреғалиевтің Республика күнімен құттықтауы
Жедел медициналық көмек станциясының жаңа әкімшілік ғимараты салынуда

Кіру










