8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
04 Тамыз 2026 277 0
Экономика

Жергілікті өндірісті дамытуға арналған жаңа міндеттер айқындалды

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында отандық тауар өндірушілерді қолдау және олардың өнімдерін ішкі нарықта ілгерілетуге бағытталған шаралар талқыланды. Кеңеске Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев селекторлық байланыс арқылы қатысты.

Жиында өңірлерде кәсіпкерлікті дамыту және жергілікті өндіріс орындарын мемлекеттік қолдау бағытында атқарылып жатқан жұмыстарға назар аударылды. Батыс Қазақстан облысында былтыр «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ бағдарламасы аясында жеңілдетілген несие беру арқылы 24 жоба қаржыландырылып, оған 1,7 млрд теңге бағытталды. Бұдан бөлек, «Өрлеу» бағдарламасы шеңберінде жалпы құны 14,3 млрд теңгені құрайтын 231 жобаға мемлекеттік қолдау көрсетілді.

Өңірдегі өндіріс орындарының тапсырыс көлемін ұлғайту мақсатында ірі жер қойнауын пайдаланушы компаниялармен жүйелі жұмыс жүргізілуде. Соның нәтижесінде өрт сөндіру техникасын, сондай-ақ мұнай мен газдың сапасы мен көлемін бақылауға арналған жүйелерді жеткізу бойынша келісімшарттар жасалған.

Үкімет отырысынан кейін облыс әкімі Нариман Төреғалиев жергілікті тауар өндірушілермен өзара байланысты күшейтудің маңызын атап өтті. Ол кәсіпорындармен тұрақты кездесулер өткізіп, өндіріс өкілдері көтеретін мәселелерді тиісті министрліктермен бірлесіп жедел шешу қажеттігін жеткізді.

Айта кетейік, 2026 жылдың бірінші жартыжылдығында Батыс Қазақстан облысының кәсіпорындары 166,6 млрд теңгенің өнімін өндірді.

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Өңір жаңалықтары
ЖОЛ ҚОЗҒАЛЫСЫ ҚАУІПСІЗДІГІ – БАСТЫ НАЗАРДА
22 Қыркүйек 2026
95 0
Таза Қазақстан
Аймақ басшысы ағаш көшеттерін отырғызды
21 Қыркүйек 2026
129 0
Қалалықтар қаперіне
Көлік қозғалысы уақытша шектеледі
16 Қыркүйек 2026
269 0
Өңір жаңалықтары
Жастарға – ерлік өнегесі
14 Қыркүйек 2026
323 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»