8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
29 Шілде 2026 275 0
Өңір жаңалықтары

Мемлекеттік қызмет көрсету процесін жетілдіру бойынша жұмыс жалғасуда.

Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру, көрсетілетін қызметті алушылардың құқықтарын барынша толық іске асыру және заңды мүдделерін қорғау, көрсетілетін қызметті берушілер қызметінің тиімділігін арттыру үшін жағдайлар жасау мақсатында Батыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің департаменті тұрақты негізде мемлекеттік қызметтер көрсету процесіне талдау жүргізеді.


Осы қызметтің сапасын қамтамасыз ету үшін әртүрлі көздерден ақпарат жиналады, мысалы, қызмет көрсетушілерге жоспарлы және жоспардан тыс тексерулер кезінде анықталған проблемалық мәселелер, қызмет алушылардың шағымдары, мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін регламенттейтін қағидалар мен өзге де нормативтік құқықтық актілерді талдау, қоғамдық ұйымдардың ақпараты және т.б.
Талдау барысында қызмет көрсету процесін жеңілдетуге, құқық нормаларының коллизиялары мен сәйкессіздіктерін жоюға, ақпараттық жүйелер жұмысындағы кемшіліктерді жоюға және басқа да бірқатар критерийлер ескеріледі.
Талдау нәтижесінде бірқатар бағыттар бойынша ұсыныстар әзірленді, оның ішінде мемлекеттік қызметтер көрсету процесін құқықтық реттеу, мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру және техникалық мүмкіндіктер және мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін жетілдіру.
Департаменттің мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін жетілдіру бойынша ұсыныстары бойынша қамқоршылық және қорғаншылық туралы анықтамалар беру қызметі толығымен автоматтандырылды, анықтама қызмет көрсетуші қызметкерлерінің қатысуынсыз автоматты түрде дайындалып беріледі, бұған дейін анықтаманы мамандар қолмен өңдеген.
«Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы кәсіби қауымдастықты аккредиттеу» және «Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы қызметті жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдарының басшыларын аттестаттау» мемлекеттік қызметтері бойынша осы қызметтерді көрсету қағидалары әзірленбеген болатын, ұсыныстар енгізілгеннен кейін қағидалар әзірленіп, тізілімге орналастырылды.
«Баланы (балаларды) патронаттық тәрбиеге беру және патронаттық тәрбиешілерге берілген баланы (балаларды) күтіп-бағуға ақшалай қаражат төлеуді тағайындау» мемлекеттік қызметі бойынша жұбайдың (жұбайының) нотариалды куәландырылған келісімі талап етілетін. Қазіргі уақытта бұл келісім электронды түрде беріледі.
Сондай-ақ, «Сауда-саттықты (аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекеттік меншіктегі жер учаскелеріне құқықтарды сатып алу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет шеңберінде негізгі жер учаскесіне қосымша учаске беру жөніндегі қызметтің кіші түрі қосылды.
Уақыт пен сапа стандарттарының сақталуын бақылау да Департаменттің назарында. Қызметтерді ұсыну процесінде кемшіліктерді жедел анықтауға және жоюға мүмкіндік беретін мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің ішкі бақылау жүйесі ұйымдастырылған.
Цифрландыру және заманауи технологияларды белсенді енгізу мемлекеттік қызметтерді оңтайландыру үшін жаңа мүмкіндіктер жасайды.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері
агенттігінің БҚО бойынша департаменті

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Без рубрики
Жалпыұлттық аза тұту күні
24 Қыркүйек 2026
74 0
Заң және тәртіп
135 автоматты жүйе жұмыс істейді
23 Қыркүйек 2026
144 0
Өңір жаңалықтары
«Дала дәмі» демалыс сайын өтеді
23 Қыркүйек 2026
145 0
Өңір жаңалықтары
ЖОЛ ҚОЗҒАЛЫСЫ ҚАУІПСІЗДІГІ – БАСТЫ НАЗАРДА
22 Қыркүйек 2026
201 0
Таза Қазақстан
Аймақ басшысы ағаш көшеттерін отырғызды
21 Қыркүйек 2026
232 0
Қалалықтар қаперіне
Көлік қозғалысы уақытша шектеледі
16 Қыркүйек 2026
313 0
Өңір жаңалықтары
Жастарға – ерлік өнегесі
14 Қыркүйек 2026
371 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»