Азаматтардың басым көпшілігі «Заң мен Тәртіп» қағидаты мен «Таза Қазақстан» идеясын қолдайды – сауалнама
Қазақстандық қоғамдық даму институты жүргізген қоғамдық-саяси жағдайдың негізгі индикаторлары бойынша II тоқсандағы әлеуметтанулық зерттеу деректері бойынша (Қазақстанның барлық өңірлерінен 2 400 респондент), азаматтардың «Заң мен Тәртіп» қағидатын іске асыру жөніндегі хабардар болу деңгейі 87,3% құрайды.
Президент Қ.К.Тоқаев жүргізіп отырған саясаттың басты басымдықтарының бірі саналатын бұл қағидаттың халық үшін жоғары мәнге ие болуы азаматтардың әділдік, жауапкершілік және заңды бұлжытпай орындауға негізделген мемлекетті дамытуға деген сұранысын айғақтайды.
Сонымен қатар, бұл идеологема қала және ауыл тұрғындарына бірдей жақсы таныс: ауылдық жерлерде тұрғындардың 85,1%-ы бұл қағидат туралы біледі. Бұл мемлекеттік саясат ірі қалалар шеңберінен аспайды деген стереотипті жоққа шығарады.
Зерттеу нәтижелері аталған конституциялық қағидаттың қоғамдық сұранысқа толық сәйкес келетінін көрсетеді. Әр түрлі жастағы азаматтар заң мен тәртіпті сақтаудың маңыздылығын бірдей жоғары бағалайды, яғни, заңдылықты ел дамуының негізгі шарттарының бірі ретінде танитын тұрақты қоғамдық консенсустың қалыптасып келе жатқанын көрсетеді.
Бұдан бөлек, азаматтардың басым бөлігі заң мен тәртіпті сақтауды мемлекет пен азаматтардың ортақ жауапкершілігі ретінде қарастырады. Мұндай көзқарас заңдылықты, қоғамдық қауіпсіздікті және құқықтық мәдениетті нығайтуда мемлекет пен қоғамның өзара жауапкершілігіне негізделген жаңа Конституция қағидаттарына сәйкес келеді.
Әлеуметтанулық зерттеу деректері бойынша, «елде заң мен тәртіпті сақтауға ең алдымен кім жауапты?» деген сұраққа респонденттердің жауаптары мынадай: 43,6%-ымемлекет пен азаматтар жауапкершілікті тең дәрежеде көтереді деп есептейді; 30,6%-ыжауапкершілік әрбір қазақстандыққа жүктеледі деп санайды.
Осылайша, халықтың 74,2%-ы заң мен тәртіпті қамтамасыз етуді азаматтардың жеке жауапкершілігі немесе мемлекетпен қатар көтеретін жауапкершілігі деп қарастырады.
Жас бойынша талдау көрсеткендей, бұл ұстаным барлық буын өкілдеріне тән. Жеке жауапкершіліктің ең жоғары көрсеткіші жастар арасында байқалады: 18-28 жас аралығындағы азаматтардың 52,8%-ы заң мен тәртіптің сақталуна бірінші кезекте әрбір азамат жауап береді деп есептейді.
Сонымен қатар, сауалнама деректері Президенттің негізгі бастамаларына, маңызды азаматтық ұстанымдарға деген азаматтардың көзқарастарын және инфрақұрылымның жағдайына деген ризашылық деңгейін бағалауға мүмкіндік берді.
Азаматтардың 67,1%-ы Президенттің «Таза Қазақстан» тұжырымдамасынбасым бастамалардың қатарында атаған. Таза ел, таза ниет туралы идея ұрпақтар сабақтастығын күшейтіп, мамандықтарды байланыстырады: бастаманы студенттердің 65,4%-ы, 46-60 жас аралығындағы орта буын өкілдерінің 68,8%-ы, жеке еңбек қызметімен айналысатындардың 66,3%-ы және жоғары білімі бар респонденттердің 67,0%-ы тең дәрежеде қолдайды. «Тазалық» тақырыбы бюджеттік және корпоративтік секторлардың шекарасынан асып, «Таза Қазақстан» идеялық тұрғыда кең аудиторияға өркен жайды.
Инфрақұрылым жағдайына ризалық деңгейінің өсе түскені байқалады, бұл жерде жекелеген нысандар мен қызмет түрлері бойынша оң бағалаудың өсу көрсеткіші 78%-ға дейін артқан. Ризалықтың ең жоғары деңгейі әлеуметтік маңызы бар нысандардың қолжетімділігіне қатысты тіркелді.
«Инфрақұрылымдық рейтингтің» ең жоғарғы қатарында мектептер орналасты: бес қазақстандықтың төртеуі немесе 78,9%-ы білім ордаларының қолжетімділігіне ризалығын айтқан. Сонымен қатар, мәдениет мекемелерінің (73,8%), балабақшалардың (73,5%) және спорт кешендерінің (72,3%) қолжетімділігіне қатысты аса жоғары ризалық деңгейі тіркелді. Демалыс және серуен орындарының (73,7%) болуы да жоғары бағаланады.
Корреляциялық талдау нәтижесі бойынша, мемлекеттің жұмысына ризалық пен және ол туралы хабардар болудың ең жоғары көрсеткіші балалары бар отбасыларда, көпбалалы отбасыларда, 28 жасқа дейінгі жастар мен бюджеттік ұйымдар қызметкерлері арасында тіркелген. Бұл ретте отбасы неғұрлым үлкен болса және адамның өз мекенімен, жұмысымен әрі балаларымен байланысы неғұрлым берік болса, мемлекеттік институттардың қызметіне берілген баға да соғұрлым жоғары.
Мемлекет басшысының бастамасымен жарияланған Цифрландыру және жасанды интеллект жылының маңыздылығын қазақстандықтардың 66%-ы атап өтті.
Бұл бастама жастардың көңілінен шықты деуге толық негіз бар: 18-28 жас аралығындағы топта оны 65,2%-ы қолдаса, ең экономикалық белсенді 29-45 жас аралығындағы топта бұл көрсеткіш 68,6%-ды құрайды.
Бұған қоса, сауалнамаға қатысқандардың 60,7%-ы жасанды интеллект технологияларын ел дамуының негізгі салаларына белсенді енгізуді қолдайды. Ал технологиялық жаңашылдықтар ең алдымен ертеңгі жұмыс орны мен болашағы осыған тікелей байланысты студенттер мен жастардың арасында тез сіңіп келеді.
Жалпы алғанда, зерттеу нәтижесі қоғамның ел дамуының біртұтас стратегиясын қолдайтынын көрсетеді. Әсіресе, халықтың тұрмыс сапасын арттыруға, технологиялық өркендеуге, мемлекеттік басқаруды жетілдіруге, білім беру мен заманауи экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған бастамалар ел ішінде кеңінен қолдау тауып отыр. Бұл қоғамның заманауи құндылықтар мен ұзақ мерзімді басымдықтарға негізделген ізгі өзгерістерді күтетінін аңғартады.
«Қазақстандық қоғамдық даму институты деректерді ОСК-ның 2026 жылғы 8 шілдедегі №ОСК-11-07/1290 жазбаша хабарламасына сәйкес жариялайды.
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
ОТАНДЫҚ ӨНДІРІСТІ ДАМЫТУ – ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСІМНІҢ МАҢЫЗДЫ КЕПІЛІ
ТАСҚАЛА АУДАНЫНДА «ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫНЫҢ ӨКІЛДЕРІ ТҰРҒЫНДАРМЕН КЕЗДЕСТІ
ӨНДІРІСТЕН РУХАНИЯТҚА ДЕЙІН: ӘДІЛЕТ ПАРТИЯСЫ ӨКІЛДЕРІ ЖАҢАҚАЛАЛЫҚТАРМЕН ЖҮЗДЕСТІ
«ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫНЫҢ САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ КАЗТАЛОВ ЖҰРТШЫЛЫҒЫМЕН ТАЛҚЫЛАНДЫ
«ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫНЫҢ КӨШПЕЛІ ШТАБЫ ЖӘНІБЕК ЖҰРТШЫЛЫҒЫМЕН КЕЗДЕСТІ
Тұрақты даму – тиімді мемлекеттік басқару мен ортақ жауапкершіліктің нәтижесі
Бөрлі ауылында «Әділет» партиясының облыстық штаб мүшелері тұрғындармен кездесті
Жаңа Қазақстан Конституциясы – Әділетті қоғамның құқықтық негізі
«Жаңа талап» мемлекеттік қызмет мектебінің жаңа оқу жылы басталды
КАЗТАЛОВ АУДАНЫНДА 2 МЛРД ТЕҢГЕНІҢ 26 ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАСЫ БОЙЫНША МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ
Конституцияның 6-бабы: саяси әралуандық пен қоғамдық тұрақтылықтың құқықтық негізі
АВТОМОБИЛЬ КӨЛІГІ ЖӘНЕ АВТОЖОЛ САЛАСЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ҚҰРМЕТКЕ БӨЛЕНДІ
Болашақтың экономикасына байыппен көшуге құқықтық негіз болатын жаңа Азаматтық кодекс қабылдау қажет»
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауы
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 28 қазан күні Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды
Президент шет мемлекеттер басшыларының Ұлттық мерекемізге орай жолдаған құттықтауларына ризашылығын білдірді
ОРАЛДА РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ ОРАЙ МЕМЛЕКЕТТІК ТУ КӨТЕРУ РӘСІМІ ӨТТІ
Облыс әкімі Нариман Төреғалиевтің Республика күнімен құттықтауы
Жедел медициналық көмек станциясының жаңа әкімшілік ғимараты салынуда

Кіру