Сайлау алдындағы үгітті жүзеге асыру қағидаларына сәйкес азаматтың бейнесін оның жазбаша келісімінсіз үгіт материалдарында пайдалануға тыйым салынады
Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы бұған дейін Құрылтай депутаттарын сайлау алдындағы үгіт науқаны кезеңінде жалған ақпарат пен манипуляциялық контенттің таралу қаупі артуы мүмкін екенін ескерткен болатын.
Қазіргі уақытта әлеуметтік желілерде қазақстандық танымал тұлғаның бейнесі пайдаланылған жалған жарияланымның таралып жатқаны анықталды. Онда азаматтар саяси партиялардың бірін қолдауға және бұқаралық іс-шараға қатысуға шақырылады. Сонымен қатар, аталған тұлғаның атынан саяси партияны қолдағаны үшін ақшалай сыйақы берілетіні туралы жалған уәделер таратылуда.
Жарияланымда аты аталған тұлғаның өзі бұл ақпаратты ресми түрде теріске шығарып, оқырмандарына оның жалған екенін мәлімдеді.
Орталық азаматтардың сайлау заңнамасының негізгі талаптарын білуінің маңыздылығына назар аударады. Көп жағдайда заң талаптарының өрескел бұзылуы осындай манипуляцияларды бірден тануға мүмкіндік береді.
Сайлау алдындағы үгітті жүзеге асыру қағидаларына сәйкес азаматтың бейнесін оның жазбаша келісімінсіз үгіт материалдарында пайдалануға тыйым салынады.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының «Сайлау туралы» Заңына сәйкес кандидатты немесе саяси партияны қолдау үшін ақшалай төлемдер, тауарлар, қызметтер, қайырымдылық көмек, лотереялар не өзге де материалдық игіліктерді уәде ету арқылы сайлау алдындағы үгіт-насихатты жүргізуге тыйым салынады.
Сондай-ақ, таралып жатқан жарияланымда өткізілуі ресми түрде расталмаған бұқаралық іс-шараға қатысуға шақырулар бар. Рұқсат етілмеген бұқаралық іс-шараларға қатысу Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауаптылыққа әкеп соғуы мүмкін.
Естеріңізге сала кетейік, сайлау алдындағы үгіт Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және тек уәкілетті субъектілер арқылы жүзеге асырылады.
‼Азаматтарды мұндай жарияланымдарға сын тұрғысынан қарауға шақырамыз. Егер таратылып жатқан ақпарат заң талаптарына анық қайшы келсе, саяси қолдау үшін ақшалай сыйақы уәде етсе немесе танымал тұлғалардың бейнесін олардың келісімінсіз пайдаланса, оның шынайылығына күмәндануға толық негіз бар. Сайлау науқанының барысы туралы ақпаратты тек ресми дереккөздерден алып, тексерілмеген хабарламаларды таратпаңыз.
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
ОТАНДЫҚ ӨНДІРІСТІ ДАМЫТУ – ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСІМНІҢ МАҢЫЗДЫ КЕПІЛІ
ТАСҚАЛА АУДАНЫНДА «ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫНЫҢ ӨКІЛДЕРІ ТҰРҒЫНДАРМЕН КЕЗДЕСТІ
ӨНДІРІСТЕН РУХАНИЯТҚА ДЕЙІН: ӘДІЛЕТ ПАРТИЯСЫ ӨКІЛДЕРІ ЖАҢАҚАЛАЛЫҚТАРМЕН ЖҮЗДЕСТІ
«ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫНЫҢ САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ КАЗТАЛОВ ЖҰРТШЫЛЫҒЫМЕН ТАЛҚЫЛАНДЫ
«ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫНЫҢ КӨШПЕЛІ ШТАБЫ ЖӘНІБЕК ЖҰРТШЫЛЫҒЫМЕН КЕЗДЕСТІ
Тұрақты даму – тиімді мемлекеттік басқару мен ортақ жауапкершіліктің нәтижесі
Бөрлі ауылында «Әділет» партиясының облыстық штаб мүшелері тұрғындармен кездесті
Жаңа Қазақстан Конституциясы – Әділетті қоғамның құқықтық негізі
«Жаңа талап» мемлекеттік қызмет мектебінің жаңа оқу жылы басталды
КАЗТАЛОВ АУДАНЫНДА 2 МЛРД ТЕҢГЕНІҢ 26 ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАСЫ БОЙЫНША МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ
Конституцияның 6-бабы: саяси әралуандық пен қоғамдық тұрақтылықтың құқықтық негізі
АВТОМОБИЛЬ КӨЛІГІ ЖӘНЕ АВТОЖОЛ САЛАСЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ҚҰРМЕТКЕ БӨЛЕНДІ
Болашақтың экономикасына байыппен көшуге құқықтық негіз болатын жаңа Азаматтық кодекс қабылдау қажет»
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауы
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 28 қазан күні Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды
Президент шет мемлекеттер басшыларының Ұлттық мерекемізге орай жолдаған құттықтауларына ризашылығын білдірді
ОРАЛДА РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ ОРАЙ МЕМЛЕКЕТТІК ТУ КӨТЕРУ РӘСІМІ ӨТТІ
Облыс әкімі Нариман Төреғалиевтің Республика күнімен құттықтауы
Жедел медициналық көмек станциясының жаңа әкімшілік ғимараты салынуда

Кіру