8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
28 Шілде 2026 276 0
Өңір жаңалықтары

Хан тоғайындағы өрт оқшауланды

27 шілде күні сағат 13:45 шамасында Хан тоғайының аумағында орналасқан Орал орман шаруашылығында өрт шықты. Тілсіз жау шамамен 18 гектар аумақты шарпыған.

Өртті сөндіру жұмыстарына облыстық Төтенше жағдайлар департаменті мен орман шаруашылығының 75 қызметкері, 18 арнайы техника, сондай-ақ «Гейзер» сорғыларымен жабдықталған екі жүзу құралы жұмылдырылды. Бұдан бөлек, ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің №20982 әскери бөлімінен 20 маман мен бір техника, «Қазавиаорманқорғау» мекемесінің төрт қызметкері және бір тікұшағы, сондай-ақ «Қазавиақұтқару» мекемесінің бес маманы мен бір тікұшағы тартылды.

Ресми ақпаратқа сәйкес, өрт кешкі сағат 20:28-де оқшауланды. Жергілікті атқарушы органдардың, төтенше жағдайлар қызметі мен орманшылардың үйлесімді жұмысының нәтижесінде ауа райының ыстық әрі желді болуына қарамастан, өрттің табиғи-тарихи нысанның басқа бөлігіне таралуына жол берілмеді. Қазіргі уақытта оқиға орнында тиісті қызметтер бақылау және қалпына келтіру жұмыстарын жалғастырып жатыр.

Облыс әкімі Нариман Төреғалиев Орал қаласы мен өңірге қарасты барлық аудан әкімдеріне жауапты мекемелермен бірлесіп, өңірдегі өрт қауіпсіздігін күшейту мақсатында тәулік бойы кезекшілік ұйымдастыруды тапсырды.

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
«Әділет» партиясы
ПАРТИЯ ӨКІЛДЕРІ – БӨКЕЙ ОРДАДА
05 Қараша 2026
257 0
«Әділет» партиясы
Шыңғырлауда сайлауалды кездесу өтті
04 Қараша 2026
297 0
«Әділет» партиясы
КӨШПЕЛІ ШТАБ ЖҰМЫСЫ СЫРЫМ АУДАНЫНДА ЖАЛҒАСУДА
03 Қараша 2026
332 0
Өңір жаңалықтары
Бүгін – Республика күні
25 Қазан 2026
530 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»