8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
24 Шілде 2026 381 0
Өңір жаңалықтары

Жаңақала ауданында мемлекеттік қызметшілердің басқарушылық дағдыларын дамытуға бағытталған іс-шара өтті

Мемлекеттік қызметшілердің кәсібиәлеуетін арттыру, тиімді басқару шешімдерінқабылдау дағдыларын жетілдіру жәнесыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттінығайту бағытында Жаңақала ауданында кейс-талдау және тәжірибелік тренинг ұйымдастырылды.

Іс-шараға Қазақстан РеспубликасыМемлекеттік қызмет істері агенттігінің БатысҚазақстан облысы бойынша департаментініңбасшысы М.Байсалов, Жаңақала ауданыәкімінің орынбасары Р.Гумар, ҚазақстанРеспубликасы Президентінің жанындағыМемлекеттік басқару академиясының БатысҚазақстан облысы бойынша филиалыныңдиректоры С.Түменбаев, ауылдық округ әкімдері, аудандық дербес бөлімдердіңбасшылары, аумақтық мемлекеттікоргандардың өкілдері және квазимемлекеттіксектор ұйымдарының жетекшілері қатысты.

Кездесу барысында мемлекеттік аппарат қызметінің тиімділігін арттыру, кадрлықәлеуетті дамыту, басқару процестерінжетілдіру және мемлекеттік қызметшілердіңкәсіби құзыреттерін нығайту мәселелеріқаралды.

Іс-шараның негізгі бөлігінде кейс-талдауәдісі қолданылып, қатысушылар мемлекеттікоргандардың күнделікті қызметінде кездесетінбасқарушылық жағдайларды талқылады. Практикалық мысалдар негізінде шешімқабылдау, командалық өзара іс-қимыл, тиімдікоммуникация және қызметтік міндеттердісапалы орындау мәселелері бойынша пікіралмасты.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттікқызмет істері агенттігінің Батыс Қазақстаноблысы бойынша департаментінің басшысыМ.Байсалов мемлекеттік қызметшінің кәсібибілімімен қатар, оның жауапкершілігі, адалдығы, қызметтік әдеп талаптарын сақтауыжәне азаматтардың мүддесіне бағдарлануымаңызды екенін атап өтті.

Сонымен қатар, Қазақстан РеспубликасыПрезидентінің жанындағы Мемлекеттік басқаруакадемиясының Батыс Қазақстан облысыбойынша филиалының директоры С.Түменбаев мемлекеттік қызметшілергесыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттіқалыптастыру, парасаттылық құндылықтарыннығайту және заң талаптарын сақтаубағытында арнайы тренинг өткізді.

Тренинг барысында қатысушыларсыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдыналу, қызметтік шешімдерді қабылдау кезіндеадалдық қағидаттарын сақтау жәнемемлекеттік қызметтегі жоғары кәсібистандарттарды қамтамасыз ету мәселелерінталқылады.

Іс-шара қорытындысында қатысушылармемлекеттік басқару сапасын арттыру, кәсібидаму мүмкіндіктерін кеңейту және мемлекеттікқызметтегі ашықтық пен жауапкершілікқағидаттарын нығайту бойынша өзұсыныстарын білдірді.

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
«Әділет» партиясы
ПАРТИЯ ӨКІЛДЕРІ – БӨКЕЙ ОРДАДА
05 Қараша 2026
252 0
«Әділет» партиясы
Шыңғырлауда сайлауалды кездесу өтті
04 Қараша 2026
292 0
«Әділет» партиясы
КӨШПЕЛІ ШТАБ ЖҰМЫСЫ СЫРЫМ АУДАНЫНДА ЖАЛҒАСУДА
03 Қараша 2026
328 0
Өңір жаңалықтары
Бүгін – Республика күні
25 Қазан 2026
526 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»