8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
23 Шілде 2026 319 0
Заң және тәртіп

Ақжайық ауданында жастар арасында адалдық пен жауапкершілік құндылықтары талқыланды

Жастар арасында адалдық, жауапкершілік, заңға құрмет және азаматтық белсенділік құндылықтарын қалыптастыру бағытындағы жұмыстар жалғасуда.


Ақжайық ауданында өскелең ұрпақ арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті нығайту, құқықтық сауаттылықты арттыру және парасаттылық қағидаттарын дәріптеу мақсатында «Адал ұрпақ – жарқын болашақ» тақырыбында пікірсайыс өтті.

Іс-шараға Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің басшысы М.Байсалов, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалының директоры С.Түменбаев, Ақжайық ауданы әкімінің орынбасары З.Мажитова және аудан жастары қатысты.

Кездесу барысында жастар сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, заң талаптарын сақтау, қоғамдағы парасаттылық мәдениетін қалыптастыру, азаматтардың жауапкершілігі және әділетті қоғам құру мәселелері бойынша өз пікірлерін білдірді.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің басшысы М.Байсалов жастарға адалдық пен әділдік қағидаттарын ұстанудың маңыздылығына тоқталып, заңға құрметпен қарау, белсенді азаматтық ұстаным қалыптастыру және «Адал азамат» құндылықтарын ілгерілету бағытындағы жұмыстардың маңызын атап өтті.

Сонымен қатар кездесу барысында «Заң мен тәртіп» қағидатын насихаттау, қоғамдағы парасаттылық мәдениетін дамыту және жастардың ел дамуына қосатын үлесі жөнінде пікір алмасты.

Іс-шара ашық диалог форматында өтіп, қатысушылар өз ойларын ортаға салып, қоғамдағы адалдық пен жауапкершілік құндылықтарын нығайту бойынша ұсыныстарын білдірді.

Мұндай кездесулер жастардың құқықтық сауатын арттыруға, азаматтық жауапкершілігін қалыптастыруға және адал қоғам құндылықтарын дамытуға ықпал етеді.

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Таза Қазақстан
Аймақ басшысы ағаш көшеттерін отырғызды
21 Қыркүйек 2026
84 0
Қалалықтар қаперіне
Көлік қозғалысы уақытша шектеледі
16 Қыркүйек 2026
237 0
Өңір жаңалықтары
Жастарға – ерлік өнегесі
14 Қыркүйек 2026
290 0
Өңір жаңалықтары
Оралда 140 отбасы баспаналы болды
12 Қыркүйек 2026
462 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»